«Қарлығаш» шағын ауданының тұрғындары инфрақұрылым мәселесін көтерді

Қонаев қаласы, «Қарлығаш» шағын ауданының тұрғындары өркениет игілігінен қағылып отыр. Кезінде сапасыз салынған инфрақұрылым кесірінен бұл аймақта жарық жиі өшеді. Ал электр қуаты сөнсе, артынша су да тоқтап, кәріз жүйесі бітеліп калады. Арнамызға шағымданған тұрғындар қала әкімдігінен бұл мәселені тез арада шешуді талап етеді. Жағымсыз иістен тұрғындар тіпті үйінің терезесін де аша алмай отыр. Жұрт мүңкіген ауанының нақты қайдан шығып жатқанын да білмей дал. Оның үстіне, орталық канализацияға қосылғанымен, жүйе дұрыс істемейді. Құдықшалар қалдыққа толып, кәріз суы жқнді ақпайды.

ӨМІРЗАҚ ЕРБОСЫНОВ
ҚАРЛЫҒАШ ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 
«Менің жағдайым сол, мына центральный канализацияға күзде қосылғанбыз. Енді қазір сол екі ай болды, су толып тұр ішінде. Жаман нәжістің иісі, сол иіс менің үйіме келіп тұр. Үйде кішкентай немерем бар. СКЛ Үйде отыра алмаймыз, кешкісін сасып кетеді. СКЛ Енді бұл қазір жарайды күн жылы, ертең қыс қатқанда қайда барамыз енді»

Мұндағы инфрақұрылымның жыры мұнымен бітпейді. Электр желісі, кәріз сорғылары мен су жүйесі түгелдей бір тізбекке байланған. Тіпті Алматы - Өскемен тас жолы  бойындағы жанармай бекеттері, казинолар мен жеке нысандардың барлығы осы бір ғана желіден тоқ алып отыр-дейд тұрғындар. Салдарынан бір жерде ақау шықса, бүкіл шағын аудан жарықсыз, сусыз  қалады. Мұның үстіне, сапасыз төселген асфальт пен жиектастар де бір-екі жылда үгітіле бастаған.

ГҮЛНАЗ ӘЛІМАҚЫН  
ҚАРЛЫҒАШ ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«...Бордюрлар қалай болса солай тұр, уже опырылып түсіп жатыр ортасына. Канализацияның жан-жағындағы жарылып, уже төмен қарай түсіп жатыр. Ана асфальттаршы, бала кіріп кетеді аяғымен, түседі.»


«Жарық өшсе - су тоқтайды. Ал су тоқтаса - мынадай кәріз құдықшалары кері теуіп, сасық иіс сыртқа жайылады. Өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл люктердің толып тұрғанына бізаз болған. Ал халық болса, тоғы да, суы да жоқ қақаған суық қыстан қалай шығамыз деп алаңдаулы»

Шағын ауданда газ да жоқ. Қыс түссе, жұрт үйлерін көмірмен жылытады. Алайда тоқ жиі өшетіндіктен, пештегі суды айналдыратын электрлі сорғылар тоқтап, жүйе жарылудың сәл-ақ алдында қалады. Сондай-ақ сабақ оқитын балалар интернетсіз, ал халық тұрмыстық техникаларының жиі күйіп кететінін айтып шаршаған.

БИГҮЛ ҚАЖАЕВА
ҚАРЛЫҒАШ ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 
«Таң, түс, кеш болсын, светті өшірмесін. Себебі жаз болса, кондиционер, адамдар демала алмайды, ыстық. Қыс болса, мына пешіміз жарылып, атылып, елдер как свет сөнеді, у-шу. Не істейміз, қайда шыдамағаннан кейін сырттан құм әкеп, плитаға тастаймыз, тоқтатып тастау үшін. Не істейміз, амал жоқ»

Жұрттың жанайқайын тыңдауға Қонаев қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы келді. Әкімдік өкілі электр желісінің әбден ескіргенін растап отыр. Қазір жаңа бағаналар орнатылып, кабельдер тартылуда. Сөзінше, жарық мәселесі таяу арада толық реттеледі. Ал тоқ түзелсе, кәріз сорғылары да қалыпты жұмыс істейді дейді. Ал бұл маңдағы ауа сапасының бұзылуына жақын маңдағы полигон мен тазарту станциясы себеп. Алайда бұл түйткіл тез арада шешілмейді, жаңа нысан тек екі жылдан кейін пайдалануға берілмек.

МАДИЯР ЗАКИРОВ
ҚОНАЕВ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 
«Қазіргі таңда 24 опора қойылды, 1.5 км СИП кабель тартылды. Тағы да 400 метр кабель сатып алынып, келе жатыр. Буйырса, бір 10 күннің ішінде, арасында біз бұл кісілерге уже бәрін жүргізіп, қосып береміз и переподключим. СКЛ Келесі мәселе-ол біздің мынау канализация, интернет деп жатыр, оның бәрі сол токқа негізі байланысты болып тұр да. Біздің насостарымыз істен шығып кетті. Қазір оның бәрін исправлять етіп, бәрін ауыстырып, шаралар жүргіземіз»

Ал газдандыру  мәселесіне келсек, тиісті жоба дайын. Бірақ құрылыс-монтаждау жұмыстары Республиклық бюджеттен қаржы бөлінгеннен кейін 6-8 ай көлемінде жүргізілмек. Тұрғындар болса, жауаптылардан берілген уәделердің сөз жүзінде қалмай, тезірек іске асуын талап етеді.

Сондай-ақ оқыңыз: