Алматы облысында жоспарлы екпемен қамту көрсеткіші 41 пайызды құрады

Өңірімізде соңғы 7 айдың қорытындысы бойынша егу науқанының нәтижесі межеленген деңгейден көрінбей отыр.

Мамандар дерегінше, облыста жоспарлы иммунопрофилактикамен қамту көрсеткіші 41 пайыз ғана. Тұрғындардың басым бөлігі нәрестеге перзентханада салынатын екпені толық алғанымен, кейінгі екпені алуға асықпайды. Сарапшылар мұны халық арасында тараған жалған ақпарат салдары деп түсіндіреді. Дәрігерлер вакцинадан бас тарту - көкжөтел, қызылша және жатыр мойны обыры сияқты қауіпті дерттерге әкелуі мүмкін деп дабыл қағуда.  Мамандардың сөзінше, қауіпсіз орта қалыптастыру үшін халықтың 95 пайызы егілуі тиіс.Сондықтан ата-аналарды балалардың саулығына бей-жай қарамай, емханаға уақытылы баруға шақырады.

СӘУЛЕТ ҚАПСАЛАМОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Екпеден бас тартушылармен жұмыс істейтін комиссия құрылған. Яғни, әр екпеден бас тартатын ата-анамен жеке-жеке, яғни әңгіме жүргізіледі. Яғни, ол тек қана Instagram, енді желілерде біз ондайдың бәрін орналастырамыз, айтамыз, екпе туралы айтамыз, екпенің маңыздылығы туралы айтамыз, бірақ ол адамдардың көзқарасын өзгерту мақсатында әр адаммен жеке жұмыс жүргізіледі бізде. Ауыр инфекциялардың алдын алу мақсатында міндетті түрде өзінің учаскелеріңізге барып, егілгендеріңіз дұрыс».

Сондай-ақ оқыңыз: