Жамбыл ауданында жыл басынан бері 1400 адам жұмыспен қамтылды

Жамбыл ауданында жыл басынан бері 1400 адам жұмыспен қамтылды. Аудан азаматтары тұрақты жұмысқа тұрып, қоғамдық жұмысқа тартылып, кәсіптік білім алуға мүмкіндік алады.

Мансап орталығы жұмыссыздарға. кәсіп бастауға ниетті жандарға, сондай-ақ егде жастағылар мен жас мамандарға түрлі жұмыс ұсынады. Әлеуметтік осал топ өкілдеріне қайтарымсыз грант та қарастырылған. Бұл қолдауды тиімді пайдаланған ерекше баланың анасы Назерке Бауыржанқызы. Былтыр ол мемлекеттен 2 млн. теңге көлемінде грант алып, инклюзивті орталық ашты. Қазір  төрт адамды тұрақты жұмысқа алып, елуге жуық баланың мектепке дейінгі даярлығына қолдау көрсетеді. 

НАЗЕРКЕ ТӨЛЕГЕН 
НЕЙРОПСИХОЛОГ 
«Мен өзім балам үшін оқып бастаған курстармыды таныстарым, жақындарым бір біріне тарата отырып, біз орталық ашпай жатып сұраныс түсе бастады. СКЛ. АФК, ЛФК, дефектология, АВА мамандығы бойынша жұмыс жасаймыз. Және соңғы уақытта біз нейромат тобын қостық. Яғни баланы мектепке даярлау.»

Орталыққа дипломы жоқ азаматтар да жүгіне алады. Мұндай жағдайда тұрғындарға сұранысқа ие мамандықтар бойынша арнайы кәсіптік оқыту курстары ұсынылады. Сондай-ақ қоғамдық жұмысқа тарту бағдарламасы да бар. Яғни, күнделікті еңбек етіп, атқарған жұмысына сәйкес ақы төленеді. 

НҰРСҰЛТАН БАЗАР
МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
«Бірдеңені үйренгісі келетін адамдарға бізде үш айлық курстар бар. Кәсіптік оқыту деп аталады. Бізге мысалы жылына регистрден өткен организациялар ол жақта оқытатындар бөлінеді. Мысалы автоэлектрик, тракторист, повар, тігінші, шаштараз. Сондай оқулар бөлінеді. Бізде ауданда халық көп. Соған байланысты ең бірінші тоқтала кетсек, қоғамдық жұмыс орындарына барады.  Бұл жақта не үшін деген сұрақ туындаса диплом міндетті түрде керек емес.»

Биыл «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы 70 жас маман жұмысқа орналасқан. Мамандардың айтуынша, жастар үшін жалақы көлемінен гөрі тәжірибе жинау маңызды. Филология мамандығын енді тәмамдаған Нұртілеу де тұрақты жұмыс іздеп жүр. Ол үшін қазір бастысы - еңбек жолын бастау.

НҰРТІЛЕУ ҚОЙГЕЛДІ 
ЖҰМЫС ІЗДЕУШІ  
«... осы жерге келіп, ағаларымызбен ақылдасып, жұмыс қарап жатырмыз. СКЛ. Жалақы мәселесі дәл қазір енді жаңадан универді аяқтап жатқан соң қатты маңызды емес. Себебі дәл қазір бізге жұмыс жасау керек. Ауданымызды көркейту керек деген сияқты.»

НҰРСҰЛТАН БАЗАР 
 ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МАМАНЫ 
«...ең бірінші жастар тәжірибесіне тоқтала берейін. Ол жақта біз дипломын қараймыз. Сосын счет народный банктен алдырамыз. И жеке куәлігін алдырып, жолдама береміз баратын организациясына. Сосын организация бізге приказын шығарып бергеннен кейін уже ол адамның табелі жүріп отырады.» 

Орталық мәліментінше былтыр ауданда  4600 адам тұрақты және қоғамдық жұмысқа орналасты. Биыл 2 мың тұрғынды жұмыспен қамту жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз: