Жаңа үйлер салынуда
Конаев қаласында 19 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Биыл облыс орталығында 62 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жыл басынан бері 27 мың шаршы метрі ел игілігіне берілді. Қала билігі пәтерлердің бір бөлігін сатып алып, оларды кезекте тұрған азаматтарға беруді көздейді. Сол нысандардың бірі – 18- ші шағынауданда салынып жатқан кешен. Мұнда жалпы саны 76 пәтер қарастырылған. Құрылыс жұмыстары қараша айында аяқтаулы тиіс.
МЕЙІРХАН БЕРДІҒАЛИЕВ
ҚОНАЕВ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Биыл қалада оншақты тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарланған. Солардың бірі – «Конаев Бриз» кешені. Нысан құрылысы аяқталғанда компаниядан әлеуметтік осал топтағы азаматтарға бірнеше пәтер сатып алсақ дейміз