Ұлағатты ұстаз өмірден өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, әнші-сазгер, білім беру ісінің үздігі Ағайша Исағұлова 83 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ағайша Шермұхамбетқызы 1945 жылы Талдықорған облысы, Ескелді ауданында дүниеге келген. 
1967 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының «Музыка және ән» мамандығын тәмамдап, ғұмырын ұстаздық пен өнерге арнады. Ол қазақ ән өнерінің дамуына елеулі үлес қосып, «Айгүл» вокалды-аспаптар ансамблін және бірқатар өнер ұжымдарын құрды. Ансамбль әлемнің көптеген елдерінде өнер көрсетіп, қазақ мәдениетін халықаралық деңгейде танытты. Профессор 80-ге жуық әннің авторы. Оның орындауындағы 250-ден астам шығарма «Қазақ» радиосының «Алтын қорында» сақтаулы. Ағайша Исағұлова Майра Уәлиқызының сырнаймен ән айту дәстүрін жалғастырған  дара өнерпаз.  Ол ұстаздық, ғылыми-әдістемелік және шығармашылық еңбегі үшін бірқатар мемлекеттік және кәсіби марапаттарға ие болған. Ағайша Исағұлова қазақ өнері мен білім саласында өшпес із қалдырды.

САЙЛАУБАЙ ТОЙЛЫБАЕВ
ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ 
«Ағайша апамыз сырнайшы. Ондай сырнайшы апайымызы сияқты қазақ қыздарының ішінде ешкім жоқ еді деп ойлаймын. Кезінде Қонаев атамыз мақтап, жақсы тілек айтып кеткен. Шыңғыс Айтматов та Ағайша апамыз туралы өзінің жақсы пікірін айтып кеткен. Сондықтан Ағайша апамыздың орны біз үшін ерекше» 


АЛТЫН МАХАМБЕТОВА
ҚР ЕҢБЕГІ СІҢГЕН МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ 
«Өткен аптада ғана біз өте қатты қуанышқа кенеліп. Апайдың бауырлары Қанат Бозымбаев пен Бағдат Мәнізоров ұстазымызға 1 бөлмелі пәтердің кілтін сыйлаған кезде біз үшін бұл қуанышты жағдай болды. Апайымыздың өздеріңіз білесіздер немерелері бар. Сол өзінің ұрпағы үшін соңында қалдырған бір бағалы бір дүниесі қалғандығына апай көңілі тоқ болып кеткеніне ризамыз» 

Сондай-ақ оқыңыз: