Таза өлке

Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылында  «Таза табиғат – болашақ!» экологиялық акциясы өтті. Оған «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары мен ауыл тұрғындары қатысты. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекеннің санитарлық тазалығын сақтау, жастардың экологиялық мәдениеті мен қоғамдық жауапкершілігін арттыру. Іс-шарада  ауылдағы орталық саябақ абаттандырылып, аумақ қоқыстан тазартылды.  Ұйымдастырушылардың айтуынша , «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары  екі ай көлемінде жұмыспен қамтылады.

ЕРКЕБҰЛАН ЖАҚАН
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Алдағы уақытта «Мөлдір бұлақ», «Таза жағажай» атты біздің осы біздің облыс көлемінде табиғаты көз тұндырар жерлеріміз бар. Сол жерлерде тазалық акциялары өткізіледі. Алдағы уақытта бұл Жасыл елдің айналасында акция аясында ойда бар он мыңнан астам жасты қамтып, сол арқылы әлеуметтік желі арқылы мысалы облысымыздың басқа жастары жеткізу, көрсету» 

Сондай-ақ оқыңыз: