Салық реформасы талқыланды

Қонаевқа жұмыс сапарымен келген еліміздің Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Жиында жаңа Салық кодексі және салықтық әкімшілендіруді сервистік модельге көшіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ «Таза парақ» акциясының қорытындысы жарияланды. Негізгі қарызын өтеген 19 мыңға жуық субъектінің 9,3 миллиард теңге көлеміндегі айыппұлы мен өсімпұлы кешірілген. Бұдан бөлек, 1500 айлық есептік көрсеткішке дейін берешегі бар салық төлеушілерге қарыз төлеу мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі қарастырылған. Кездесу барысында «Кеден», «Смарт Дата Финанс» сынды цифрлық жүйелердің жұмысы таныстырылды. Сонымен қатар казинолар мен ойын бизнесіне салық салуды реттеу, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру мәселелері де сөз болды. 

САБИНА ДАРУШОВА
КЕДЕНДІК БРОКЕР
Шекарадағы құжаттарды цифрландыру әлі де толық аяқталмаған.Транзит режимінде кедендік декларация бергеннен кейін, кедендік органдардан хабарламалар әлі де қағаз жүзінде келеді. Инспекторлар мұны қолмен рәсімдейді. Бұл көп уақыт алады. Бүгін осы мәселе бойынша келдім, желтоқсан айына дейін шешіп береміз деді. 

САПАР ШАЙКЕНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгінгі кездесудің басты мақсаты  халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясында халықпен тығыз байланыс орнату. Қаржы вице-министрі өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, жаңа Салық кодексіндегі бизнеске беріліп жатқан жеңілдіктер мен салықтық әкімшілендірудің жаңашылдықтарын түсіндірді. Барлық көтерілген мәселелер назарға алынды.

Сондай-ақ оқыңыз: