Сақтық шарасы
Қонаевта жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Мамандар үйлерді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, жылыту құралдарын пайдалануда сақ болуға шақырады. Алғашқы алдын алу шарасы Шеңгелді ауылында өтті. Мамандар үй пештерін тексеріп, газ хабарлағыштарын орнатуда. Биыл жүзден астам құрылғы қою жоспарланған. Сондай-ақ жылыту маусымы кезінде мамандар көмірмен жылынатын барлық үйлерді аралап, қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексермек. "Мұндай шаралардың маңызы зор. Былтыр 228 газ хабарлағышы іске қосылып, бірқатар қайғылы жағдайлардың алдын алуға септігі тиді" дейді мамандар.
НҰРЖАН НҰҒЫМАНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Әлеуметтік осал топтағы отбасыларының отбасыларындағы үйлерге осындай датчиктерді жергілікті атқарушы органмен департамент бірлесіп орнатып береді. Ал қалған жаңағы осы тұрғындардың, жеке секторда тұратын адамдарға айтатынымыз бұл жаңағы қолжетімді бағада, қауіпсіздікті өзіңнен бастау керек. Сол себепті осындай датчиктерді алуларыңызды, үйлеріңізге орнатуларын сұраймыз»