Қауіпсіз балалық шақ

Жыл басынан бері Жамбыл ауданында кәмелетке толмағандар арасында 22 қылмыс тіркелген. Мал ұрлығы дерегі бойынша бес қылмыстық іс қаралып отыр. Тоғыз жасөспірім профилактикалық есепте тұр. Ал бала тәрбиесіне салғырт қараған он бес ата-ана есепке алынып, 12 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Осыған орай ауданда «Заң және тәртіп: қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында жиын өтті. Кездесуге үш жүзге жуық ауыл мұғалімі қатысып, жасөспірімдер арасында жиі кездесетін заңбұзушылықтар сараланды. Ата-аналарға да ескерту жасалып жатыр. Заңбұзушылық әсіресе мектептен тыс уақытта, жаз мезгілінде орын алатындықтан полиция бөлімі өкілдері мұғалімдерге баяндама оқып, бала тәрбиесінде жіберуге болмайтын маңызды мәселелерді ортаға салды. 

ЫҚЫЛАС АМАЛБЕК 
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Жиынның мақсаты – қылмыстың алдын алу. Жаңа есепті көрідіңіздер. Статистикалық сараптама жүргізіліп отыр. Өткен жылдық кезеімен кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсімі байқалады. Соған байланысты қылымсытың алдын-алу бағытында түсінндурі жұмыстарын жүргізу профилактикалық жұмыстарды қалай жүргіземіз деген сияқты бағыт-бағдарламызды айқындау мәселесі.»

Сондай-ақ оқыңыз: