Саябақ салынып, жол жөнделді
Іле ауданында саябақтар мен жолдарды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Өтеген батыр кентінде ойын және спорт алаңдары абаттандырылып, тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналды. Ал Қараой ауылында бірнеше көше жаңарып, асфальт төселді.Енді отбасымен демалып, спортпен шұғылдану үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Өтеген батыр ауылында тұрғындардың бас қосатын жайлы аллея пайда болды. Мұнда жастарға мен балаларға арналған воркаут-аймақтар, ойын алаңдары, шахмат пен үстел ойындары қарастырылған. Бұл игі бастама- Титов көшесін ауқымды абаттандыру жобасы аясында жүзеге асты.
ҚАЙЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТОВ
ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Бұндай саябақтар Іле ауданын толығымен айтатын болсақ 25-ке жуық саябақ ашылуда. Ол Өтеген батырды санамағанда бізде Ақшиде үлкен саябақ ашылып жатыр. Бұл саябақ балалар алаңы бар, үлкендер алаңы бар және воркаут алаңымен бұл толықтай ашылып жатыр. Ащыбұлақта футбольный поле ашылып жатыр. Саябақ ашылып жатыр. Сондай-сондай бүкіл Іле ауданын санайтын болсақ қазіргі таңда 25-тен көп саябақтар ашылуда. Жылдың аяғына дейін толығымен ашылатын болады»
Абаттандыру барысында 6,1 мың шаршы метр аумаққа тас төселді. Сонымен қатар, екі көшенің бойына 84 шам орнатылып, жарықтандыру жүйесі толық шешілді. Ал жаңбыр мен еріген қар суын кедергісіз бұру үшін шамамен 1 шақырымннан астам құбыр тартылды.
СӘУЛЕ АРАЛБАЕВА
ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ
«Менің білім беру орталығым дәл осы жердің қарсы бетінде орналасқан. Бүкіл жаз бойы балалармен бірге бұл алаңның қалай салынып жатқанын бақыладық. Ақыры ол күн де келіп жетті, балаларымыз бұл жерде қуана ойнап жүр. Алматы облысы мен Іле ауданының басшылығына үлкен алғыс айтамыз»
ШАХАРБАН БЕКПЕНБЕТОВА
ӨТЕГЕН БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Халық үшін жасалған нәрсенің бәрі жақсы ғой, жақсы болады ғой. Және мына жерде жақын жерде әлгі салауатты өмір салттына қатысып жатқан қарт кісілеріміз бар ғой. Солар үшінде өте жақсы болды деп ойлаймын. Жатығуларын жасайды, осында кеп демалады деген сияқты. Міне қазірдің өзінде мінекей балалар деген мына спорт кешендерінде ойнап, жүгіріп жатыр. Әрине, жақсы. Қуаныштымыз, құтты болсын»
Дегенмен, ауданның инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары тек қоғамдық орындарды көркейтумен шектелмейді. Құрылыс және жөндеу науқаны Іле ауданының басқа да елді мекендерінде қарқынды жалғасуда. Мәселен, Қараой ауылында бірнеше көше жөнделді.
АЛМАС БӨКЕНАЕВ
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Бұл жерде біз осы округта жеті көше салдық. Сол жеті көшенің бәрі 5 км жетпейтін бес көше болады, жеті көше. Ал округ бойынша жалпы осы биыл салынған 15 көше бар. Осы Қараой округтің екінші ауылы бар. Қосөзен деген ауылы осы ауылға кіріп жатқанда Қонаев жақтан келе жатқан ауылдың атауы бар. Ол жерде тоже жеті көше салынған болатын. Барлығы 10 км-ге жетер жетпес 15 көшенің ұзындығы»
Жалпы алғанда, аудан бойынша жол жөндеу жұмыстарының қарқыны жыл сайын артып келеді. Былтыр 80 көше ретке келтірілсе, биыл тағы 107 көшені жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда соның 90-ында құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.