Әскери ант

Әскери ант - әр жауынгердің Отан алдындағы қасиетті борышы. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары Қазақстан Республикасына адал қызмет етіп, ел тәуелсіздігі мен тыныштығын күзетуге ант берді. Салтанатты шара 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтіп, оған  биыл оқу орнына қабылданған 350 жас курсант қатысты.  Ан беру рәсіміне  оқу орнының басшылығы, ардагерлер мен сарбаздардың туыстары келді. 

ДАНИЯР ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ 
С.НҰРМАҒАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚҰРЛЫҚ ӘСКЕРЛЕРІ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«1970 жылы негізі қаланған әскери оқу орнында курсанттар төрт жыл бойы 17 мамандық бойынша білім алады. Қатарында жаяу әскер, барлау, артиллерия, инженерлік әскерлер, әскери психолог, тәрбие жұмысы жөніндегі офицер, тыл қызметі, техникалық және байланыс саласы бар. Болашақ офицерлерге алдымен төрт жылдық оқу барысында сабыр мен төзім тілейміз»

Сондай-ақ оқыңыз: