Әдеп кеңесі
Жыл басынан бері Әдеп кеңесі 5 отырыс өткізіп, мемлекеттік қызмет саласына қатысты 127 мәселені талқылады. Нәтижесінде 50 тәртіптік іс қаралып, 8 лауазымды тұлғаға тәртіптік шара қолданылды. Екі қызметші әдеп нормаларын бұзса, қалғандары мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылықтар жасаған. Ал 42 жағдайда заңбұзушылық белгілері табылмай, іс қысқартылды. Дегенмен, кезекті кеңесте жазалаудан гөрі алдын алу шараларын күшейті керектігі айтылды.
МАДИЯР ИСЕБАЕВ
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Алматы облысында былтырғы жылмен салыстырғанда профилактикалық жұмыстар көп болуына байланысты бүгінгі таңда әдеп кодексін бұзу және де сыбайлас жемқорлық бойынша фактілер едәуір азайғанын көрсетіп отыр»