Стратегиялық әріптестік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мёңмен кездесті. Тараптар екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайту, инвестициялық жобаларды іске асыру, сауда-экономикалық байланысты жаңа деңгейге көтеруге ниетті екенін растады. Бүгінде Корея Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. Елде корей капиталы бар мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Сондай ақ Президент кореялық компаниялар басшыларымен де жүздесті. Елімізде корейлік инвесторларға жаңа мүмкіндіктер бар. Алматы облысындағы Alatau City шахары заманауи технологиялар мен инновациялар шоғырланған халықаралық экономикалық хабқа айналмақ. Корейлік KIND корпорациясы қаланың бас жоспарын әзірлеуге және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға атсалысады. Сапар аясында Алатау Смарт Сити жобасы таныстырылып, жалпы құны 19 миллиард доллар болатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Қарым-қатынасымыздың әр саласында жақсы нәтижелер бар. Осы уақытқа дейін Корея Қазақстан экономикасына 12 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Кореяның әлемге танымал компаниялары Қазақстан нарығында ойдағыдай жұмыс істеп жатыр. Біз оларға барлық жағдайды жасап отырмыз. Келешекте де солай болады»