Бір шаңырақ астында

Елімізде қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтуға этномәдени бірлестіктер айрықша үлес қосады. Солардың қатарында Ронай күрд этномәдени орталығы да бар. Іле ауданында орталықтың он жылдығы аталып өтті. Іс-шара «Адал азамат» жобасы аясында «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» тақырыбында жалғасты. Басқосуда қоғам қайраткерлері мен тіл жанашырлары бірлік пен ынтымақты сақтауда бірлестіктердің  маңызды іс атқарып жатқанын атап өтті. Жиында этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосқан азаматтар, білім мен спорт саласында жетістікке жеткен шәкірттер мен ұстаздар марапатталады. 

АЛМАСБЕК САТЫБАЕВ 
ІЛЕ АУДАНДЫҚ ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ 
«Ауданымыза төрт этномәдени орталығымыз болатын болса, ронай күрд этномәдени орталығы осындай аудандағы және облыстағы шараларға өте белсенді қатысады. Бұл шаралардың маңызы – аудан жастарын блімге,  еңбекке баулу және патриотизмге тарту. Сондықтан саяси деңгейде осы шараларды көп өткіземіз деген ойдамыз.»

Сондай-ақ оқыңыз: