Астық сақтау кешені
Еңбекшіқазақ ауданында облыстағы ең ірі дәнді дақылдарды сақтау және өңдеу кешені салынды. Мұнда 120 мың тоннаға дейін астық сақтауға мүмкіндік бар. Кешеннің құрылысына теміржолға жақын орналасқан 10 гектарға жуық жер телімі бөлінген. Өндірістік технологияға қажетті жабдықтар Германия мен Испаниядан жеткізілді. Зауыт сағатына орта есеппен 29 тонна астық кептіре алады. Нысан іске қосылғанда, облыстағы дәнді дақылдарды сақтау қажеттілігі азаяды. Бұл өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруға да мүмкіндік береді. Кәсіпкер алдағы уақытта қуаттылығы жылына 500 тонна өсімдік майын өңдеу зауытын салуды көздейді.
ЕРЛАН МЫРЗАҒАЛИЕВ
«QAZECODAN» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Биыл міне 30 мың тоннаға салдық. Алдымыздағы жылы тағы 30 тонна саламыз. Ал 29 жылға дейін сол май зауытын салуға тырысамыз. Ал жалпы жоба 21 милияртқа шығатындай болып тұр»