Кәсіпке қолдау

«Ауыл аманаты» бағдарламасы – ауылдықтар әлеуетін көтеруге өз септігін тигізіп келеді. Мәселен, 2022 жылдан бері Жамбыл ауданында 200-ден астам азамат бағдарлама игілігін көріп, кәсіптен бас-аяғы 1 миллиард 800 миллион теңге игерілген. Ал биыл төмен пайызды несиемен қанша азамат қамтылмақ? Ұзынағаш ауылының тұрғыны Жүрсін Қазықанұлы бірнеше жыл көлік майын ауыстыру нүктелерінде жалданып жұмыс істеген. Өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасына қатысып 8 милион 625 мың теңге көлемінде төмен пайызды несиеге қол жеткізді. Сөйтіп үйреншікті кәсібін ашып, табысын еселеп отыр. 


 ЖҮРСІН ҚАЗЫҚАНҰЛЫ
 КӘСІПКЕР 
«Ауылымызда бұрын оргинал май іздеп қалаға шапқылайтын. Қазір осы ауыл аманаты жобаның арқасында қаладағы майлардың түр түрін осы жерге әкелдік, бәрі табылады.  Күніне 10-20 көлікке қызмет көрсетемін. Табысым жаман емес. Көп көмектесті деп айта аламын»

Аталмыш жоба басталғалы бері ауданда 205 азамат жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Аясында 1 милиярд 800 милион теңге игеріліп, 300 ден аса адам тұрақты жұмыс тапты. Ал қазір өңір бойынша тағы 200 ге жуық өтінім «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына  өткізлді дейді сала жауаптылары.  


АЯН НҰРПЕЙІСОВ  
ЖАМБЫЛ АДУАНДЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Қазіргі таңда 200 ден астам құжат қайтарылып берген болатын, құжат иелеріне. Өйткені былтырғы жылдары ақша жоқ болды. бар жоғы облыстқа 2 жарым милиярд қана ақша бөлінген. Бірі қаржы таптышылығына және бірі тек мал шаруашылығына берілген өтінім болғандықтан қайтарылған. Бүгінгі ттаңда 50 ге жуық құжат қонаевқа өткізілді. Оның ішінде қазір 22 қарастырылуда. Қалғаны құжатын реттеп жатыр. Жалпы 200 ге жуық өтінім бар»


«Ауыл аманаты» бағдарламасының игілігіне жүгінген жандар негізінен ауыл шаруашылығын дамытып, кәсіпкерлікке бет бұрады. Айта кетсек биыл аталмыш бағдарлама аясында Алматы облысына 2 миллиярд  теңгеге жуық қаржы қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз: