Спортшылар марапатталды

Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғаған өңір спортшыларымен кездесті. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен жерлестеріміз ұлттық спорт түрлерінен жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін үстем етті. Байрақты бәсекеде Алматы облысынан барған 10 спортшы жүлделі орындарға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді. VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 100-ден астам елінен спортшылар қатысты. Халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медаль жеңіп алды.  Алматы облысының атынан сынға түскен спортшылар да ұлттық құраманың намысын абароймен қорғады. Кездесуде  облыс әкімі спортшыларды  құттықтап, оларға ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысының атынан жолданған Алғысхаттар табыстады.

ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Жалпы соңғы жылдары ұлттық спортқа бет бұрған жастардың қатары айтарлықтай артты. Бұл – халқымыздың асыл мұрасына деген құрметтің, ата дәстүрге деген ықыластың айқын көрінісі. Алдағы уақытта ұлттық спортты кеңінен дәріптеуге, оны бұқаралық сипатқа жеткізуге, талантты жас спортшыларды іріктеп, мықты спорт резервін қалыптастыруға және ел абыройын асқақтататын саңлақтарға жан-жақты қолдау көрсетуге басымдық береміз»

Еске сала кетсек, Көшпенділер ойындарында ел намысын қорғаған спортшыларды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтап, арнайы алғыс хаттар табыстаған еді. Ал өңірміздің сайыпқырандары аламан бәйге, көкпар, қол күрес сынды ұлттық спорт түрлерінен бақ сынап, үздіктер қатыранан көрінді.

САМАТ ЖАМАНҚАРА
КӨКБӨРІДЕН VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕРЕГІ 
«Елбасымыздың атынан Ақордаға барып, ол кісінің жылы лебізін естідік. Ұлттық спортқа деген ол кісінің өте оң көзде екенін және де осы облысымыздың басқармалары өстіп, елбасының берген алғыс хаттарымен марапаттап жатыр. Бұл кісілерге өте ризашылығымызды білдіреміз. Бізге облысқа өте жақсы, қолдаулары және де барлық жағдай жасалған қазіргі спортшыларға.»

Алматы облысының спортшылары үшін биылғы халықаралық жарыстар осымен мұнымен аяқталмайды. 19 қыркүйекте Жапонияда  ХХ Азия ойындары басталады. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы сапында Алматы облысының 24 өкілі спорттың 13 түрінен бақ сынайды. Олардың қатарында Көшпенділер ойындарында тәжірибе жинаған спортшылар да бар. 

Сондай-ақ оқыңыз: