Өңір инфрақұрылымы қаралды

Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссия отырысында өңірдегі инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. Жиында аймақты газдандыру, жол сапасын жақсарту және Қонаев қаласының құрылысы пысықталды. Алматы агломерациясына бес аудан мен Қонаев және Алатау қалалары кіреді. Бүгінде облыс 75 пайызға көгілдір отынмен қамтылған. Өткен жылы бірнеше ауылға газ берілсе, биыл Іле ауданы, Әли ауылы желіге қосылып, екі мыңға жуық тұрғынның тұрмысы жақсарды. Жалпы облыста қазір 27 газификация жобасы іске асырылуда. Жиында көтерілген тағы бір маңызды мәселе -Қонаев қаласын дамыту жоспары. Жаңа әкімшілік ғимараттарды салып,  инженерлік коммуникация жүйелерін тарту үшін Үкімет резервінен 30 миллиард теңге бөлінді.Сонымен қатар депутаттар өңірдегі жол торабының жай-күйін қарады. Биыл облыста бірнеше учаскеде жөндеу жұмысы жүріп жатыр. 

ЖАНАТ АЛТАНҒАДАСҰЛЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
«Жалпы Алматы облысында 5740 шақырым жол, автомобиль жолдары бар облыс көлемінде. Соның 1744 шақырымы республикалық маңызы бар жолдар. Бүгінгі таңда сол жолдардың сапасы, күтіп ұстау туралы мәселелер көтерілді. Күтіп ұстау мәселесі бойынша қажетті қаржылар толығымен бөлінген. Сызықтардың, жолақтардың сызылуы, аялдамалардың салынуы тууралы нақты баяндамада көрсетілді. Жалпы жұмыстың 70 пайызға жақыны орындалып деп айтты, қалғаны жылдың соңына дейін орындалады деп отыр.»

Сондай-ақ оқыңыз: