Жарық жиі сөнеді

Боралдай кентінде үп еткен жел соғып, тамшылап жаңбыр жауса жарық сөнеді. Себебі ауылды жарықтандыру жүйесі әбден ескірген. Әрі халық саны артып, электр қуатына деген қажеттілік артқан. «Жарық жиі өшетіндіктен тұрмыстық техникаларымыз жарамсыз болып қалды» деп жергілікті тұрғындар наразы.  

АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
«Біздің техникаларымыз қашанға дейін күйе береді. Мен зейнеткермін. Менің тоңазытқышым мен теледидарым да күйіп кетті.  Бәрін өзім сатып алуым керек. Осың бәріне сіздер жауаптысыздар»

Бұл жетпіс жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген элетр желісінің зардабын тартқан тұрғындардың жан дауысы. Жел соғып, аспан бұлттанса жарық сөнеді. Себебі  ескі желі үзіліп, қураған бағана құлап, апаттық жағдай туындауы мүмкін.  

НАТАЛЬЯ АНОШКИНА 
БОЛАРДАЙ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ
«Үйдегі мұздатқыш сияқты тұрмыстық техникаларымыз түгел күйіп кетті. Оны неше жүз мыңға сатып алған едік. Теледидар, бойлер бәрі жарамай қалды. Әрбір үйдің шығыны миллиондап саналуы мүмкін. Енді қашанға шыдауымыз керек?!»

Ал кент басшысы электр жүйесіне жауап беретін «Алатау Жарық компаниясына» өткен жылы жаңа қосалқы станция салуға бір гектар жер бөлдік дейді. Қазір компаниямен жұмыс жүріп жатыр. 


ДАНИЯР ҚОҢЫРБАЕВ
БОРАЛДАЙ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ
«Қосалқы станция күрделі жөндеу керек. Біз аудан деңгейінде «Алатау Жарық компаниясына» әр уақыт хат жазып, мәселені жеделдетіп шешулерін сұрап  жатырмыз. Тіпті өткен жылы жаңа қосалқы станция  салуға бір гектар жер телімін бердік. Енді жуық арада оң шешім табар деген ойдамыз»

Тұрғындармен тілдесуге «Алатау Жарық компаниясының» өкілі келді.  Алайда ол тек желінің жөндеу жұмыстарына ғана жауапты екенін айтты. 


ЖЕҢІС КӨШКІНБАЕВ
«АЛАТАУ ЖАРЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АҚ ӨТЕГЕН БАТЫР БӨЛІМШЕСІ ДИСПЕТЧЕРЛІК ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ 
«Ескірген электр қосалқы станциясын  ауыстыру туралы тек басшылар нақты жауап бере алады. Менің міндетім желідегі ақауды уақтылы жөндеп, жарық беру. Осы ауылда жарық сөніп қалмасын деп  жиырма шақты маманды жұмылдырдық»  

«Алып шһардың іргесінде отырып жарыққа жарымаған  боралдайлықтар: «Егер мәселеміз жедел шешілмесе, Үкіметке арызданамыз» дейді.

Сондай-ақ оқыңыз: