Сақтық шарасы

Алматы облысында алдағы эпидемиологиялық маусымға дайындық жұмыстары басталды. Өткен жылы өңірде жедел респираторлық вирустық инфекцияның 283 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Биыл аурудың алдын алу үшін қыркүйек айынан бастап тұмауға қарсы екпе салынады. Осы мақсатта Ресейде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасының 160 мың дозасы сатып алынған. Екпе ең алдымен ауру жұқтыру қаупі жоғары азаматтарға тегін жасалады. Олардың қатарында 6 айдан асқан сәбилер, жүкті әйелдер және қарттар бар. Мамандар мектептер мен балабақшаларда балалардың денсаулығы күн сайын бақылауда болады. Таңертең оқушылар мен тәрбиеленушілердің дене қызуы тексеріліп, ауру белгілері бар-жоғы анықталады. Егер балалардың 20-30 пайызы ауырып қалса, шектеу шаралары енгізіледі

СӘУЛЕТ ҚАПСАЛАМОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қазіргі таңда сақтану үшін ең бірінші, яғни, ол арнайы алдын алу бұл- вакцинация. Себебі тұмаудың, яғни, жыл сайын түсіп жатқан вакцинасы тұмаудың болжамдалған вирустарына қарсы арнайы шығады, жыл сайын ол тұмаудың вакцинасы жаңартылып отырылады. Бұл кезде, яғни, көпшілік баратын орындарға бармау, көпшілік баратын орындарға барған кезде СКЛ міндетті түрде маска кию, қолдарыңызды антисептиктермен өңдеу, содан кейін балалардың, мына ойын алаңдарына көп баратын, яғни,  адам көп жиналатын жерлерге шығара бермеу балаларды, арнайы желдету бөлмені, сондай арнайы емес шаралар»

Сондай-ақ оқыңыз: