Көлден келген ырыс
Жамбыл ауданы, Үлкен ауылындағы балық зауыты 700 тонна өнім өңдейді. Кәсіпорынға сұрыпталып жеткізілген балық заманауи технологияның көмегімен өңделіп, дайын өнімге айналады. Балқаш көлінде торта, табан, көксерке, сазан секілді 9 балықтың түрі кезедеседі. Балық аулау жергілікті халықтың ежелгі кәсібі. Айдынға ау салатын балықшылар да үнемі бақылауда. Кәсіптік аулау заңмен қадағаланады. Сондықтан таңғы уақытта басталатын бұл жұмысқа аумақтық балық шаруашылық инспекциясының мамандары да міндетті түрде қатысады.
РИНАТ ҚҰМАШЕВ
БАЛҚАШ-АЛАКӨЛ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Қазір мыналар кәсіпшілік балық аулау тәсілі мынау. Біздің инспекция мамандары күнделікті осы балықшылардың балық аулау көлемін тексереді. Өйткені бізде Балқаш Алакөл бассейні 2026 жылға 13 мың тонна балық аулауға лимит қойылған.»
Судың маусымдық жылуына байланысты балық жағаға жақын жүреді» дейді балықшылар. Сол себептен де мұндай уақытта алысқа ұзамай жағалаудан 4-5 шақырым жерге ау тасталады. Ауланған балық сұрыпталған соң ғана қабылданады.
АЙДАРХАН МЫРЗАЛЫ
ТӨМЕНГІ ІЛЕ БАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
«Бұл жерде мән беретін нәрсе кәсіби мөлшеріне өлшеп көреміз»
Балғын балық зауытқа жеткізіледі. Мұнда балықты тазалау, бөлшектеу, мұздату және қаптау секілді бірнеше өндірістік кезең жүзеге асырылады. Кәсіпорынның басты мақсаты – табиғи су айдынынан ауланған өнімді сол күйінде өткізбей, қосымша құн қалыптастырып, тұтынушыға дайын әрі сапалы өнім ұсыну.
ОЛЕГ СОЛОМАТИН
ТЕХНОЛОГ
«Филе шығады продукциядан, фарш, стейк сазан.... жергілікті нарық, Ресейге шығарамыз.»
Өндірістің дамуы Үлкен ауылының экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға да мүмкіндік беріп отыр. Ал Балқаштың балығын терең өңдеу – отандық өнім көлемін арттырып, балық шаруашылығын дамытуға серпін береді.