Білікті медицина
Өңірде медициналық көмек сапасын арттыруға 160 миллион теңге бөлінді. Қаражат дәрігерлердің біліктілігін арттырып, еліміздің, сондай-ақ Ресей мен Беларусияның жетекші клиникаларында тағылымдамадан өтуіне бағытталады. Тәжірибесін шыңдап келген мамандар көктемде шалғай елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмек көрсеткен еді. Енді ақ халаттылар ауыл халқына қажетті қызметтің екінші кезеңін бастады.Шетелде біліктілігін арттырған ақ халаттылар гинекология, неонатология, травматология, онкология және эндоскопиялық хирургия бойынша тәжірибеден өтті. 37 дәрігер енді алған білімдерін жергілікті медицина мекемелерінде қолданады.
НҰРГҮЛ БАТЫРБЕКОВА
ҚОНАЕВ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ
«Алматы облысынан 37 дәрігер барды. Емдеу шараларымен, босану тәртіптерімен таныстым, жаңа диагностикалармен, технологиялармен таныстым. Дәрігер үшін өте маңызды, біздің саламызда 10 жыл оқысақ та ары қарай біліміңді шыңдап отыру керек. Себебі медицина жаңа технологиялармен жыл сайын даму үстінде»
Біліктілігін шыңдап келген арнайы мобильді топ алғашқы сапарында-ақ шалғайдағы ағайынның алғысына бөленді. Тәжірибелі дәрігерлер тек тұрғындарды емдеп қоймай, жергілікті әріптестерімен күрделі ота жасаудың жаңа әдістерімен бөлісті.
ЕРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Шалғай ауданды қараған кезде 3000-нан астам жеке консультацияға келіп және әрі қарай нақтыланған консультациясын, емін алуға өзіне ұсыныстарын және нұсқауларын алды. Соның ішінде 19 күрделі ота жасалды. Ол жаңағы мынау гинекологиялық оталар және нейрохирургиялық, травматологиялық оталарды жасатып, көрсетіп кетті»
Жобаның екінші кезеңі аясында мобильді топ қазір Талғар, Қарасай, Жамбыл, Іле және Еңбекшіқазақ аудандарында жұмыс істеп жатыр. Құрамында хирург, нейрохирург, травматолог пен педиатр сияқты білікті мамандары бар. Олар 9 қазанға дейін облыстың бірқатар ауыл-аймағын аралайды. Халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуді мұрат еткен бұл бастама келесі жылы да жалғасады.