Сарбаз сапына іріктеу
Алматы облысында Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды іріктеу басталды. Үміткерлерді қабылдау 10 қазанға дейін жалғасады. Іріктеуге 18 бен 27 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алады. Олар бірнеше кезеңнен өтеді. Мамандар олардың денсаулығын және белгіленген талаптарға сәйкестігін саралайды. Іріктеу талаптары қатаң. Сондықтан үміткерлер моральдық-психологиялық тұрғыдан да дайын болулары керек.
АЛЕКСАНДР ПАВЛОВ
ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫ
«Бұған дейін суға секіру спортымен айналыстым. Спорт шеберімін. Мемлекеттік күзет қызметіне өзімді сынап, мүмкіндігімді байқап көру үшін келдім. Бұл қызметке бұрыннан қызығушылық танытып, сырттай бақылап жүретінмін. Маған қызметтің өзі қызық болды. Алдағы уақытта келісімшарт бойынша қызметімді жалғастырғым келеді»
ШЕРХАН КУПИЕВ
МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ
«Бойы 180 см жоғары болу керек. Білімі орта, орта білімнен кейінгі жоғары және денсаулық жағдайы жақсы болу керек. Қазіргі таңда іріктеуден өткен 50 әскерге шақырушылар бізде. Оның ішінен біз іріктеп, кімнің денсаулық жағдайы жақсы және психологиялық деңгейде дайындалған және сараптамадан өткен соның нәтижелері шыққанына байланысты іріктеп аламыз және біздің талаптарға сай келу керек»