Заң және қаржы

Алматы облысында жыл басынан бері заңсыз ойын, қаржы пирамидасы, дропперлік картамен ақша аудару сынды 49 қылмыстық іс тіркелген. Шығын көлемі – 2,5 млрд теңге. Осыған орай, өңірде «Заң және қаржылық қауіпсіздік» шарасы күшейді. Іле ауданында өткен форумда экономикалық құқықбұзушылықтың алдын-алу жолдары сараланды. Оң мен солды ажырата алмай, белгісіз жарнамаға ілігіп, түрлі ойындарға тәуелді болатын жастар қатарын азайту – басты мақсат. Қаржылық мониторинг агенттігі мен Алматы облыстық департаменті экономика және қаржы саласындағы сауаттылыққа баса назар аударған. Форумда мамандар оқушыларға қолдағы телефонды тиімді пайдаланып, күмәнді ойын түрлерінен туралы жан-жақты талдау жасады. Жиында оқушылар дайындаған тақырыптық жобалары таныстырылып, жеңімпаздар марапатталды.

МЕРУЕРТ ЕРКІНҚЫЗЫ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
«Осы тақырыпты таңдау себебіміз - қазіргі таңда бізде 2021 жылдан бері 100 ден аса қаржы пирамидалары анықталды. Олардың жәбірленушісі біздің облыс тұрғындары арасынан да бар. Біздің облыс аумағы анықталып, сот шешімі шыққан бірнеше пирамидалар бар. "Елім-ай", "Аманат Драйв" тәрізді пирамидаларды атап өтсек болады. Және де енді ойын бизнесінің объектілері заңды түрде біздің Қапшағай су қоймасының айналасындағы рұқсат етілгені себепті ол жайлы да сөз қозғауды дұрыс деп шешіп отырмыз.» 

Алаяқтардың түрі көп. Сахнада осы мысалдар келтірілген қойылым көрсетілді. Бұл өзекті мәселе оқушыларға тоғызқұмалақ арқылы да түсіндірілді. Сондай-ақ жастар арасында зиянды әдеттер мен қаржылық алаяқтық макеті көрсетіліп, құқықтық салдары айтылды. 


ЕРКЕБҰЛАН ЖАХАН 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Ойын автоматы және де осы дропперлік карталар бар. Одан кейін мына вейп дейді ғой. Вейптерде қазір заңсыз осы жастардың арасында көптеп қолданады. Демонстарциялық түрде, жастарға қаншалықты зиян екенін көрсету мақсатында.» 

Бүгінде облыста 23 қылмыстық іс аяқталды. Департамент 1,5 млрд теңгені қайта өндірген. Цифрлық және қаржылық сауаттылық әр адам үшін маңызды.  Аталған шара экономикалық құқық шеңберінде білімді кеңейтуге үлкен көмек. 

Сондай-ақ оқыңыз: