100 мың балық шабағы жіберілді

Өңірімізде өзен-көлдерді балыққтандыру науқаны басталды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қапшағай су қоймасына 100 мыңнан астам балық шабағы жіберілді. Бұл іс шара мемлекеттік тапсырыс пен шаруашылық субъектілерінің қажырлы бірлескен жұмысы. Өткен жылы аймақ су қоймаларына 4,5 миллионнан астам шабақ жіберілсе, биыл бұл көрсеткіш 6 миллионға жетіп отыр. Оның жартысынан көбі жауапты кәсіпкерлердің есебінен қамтылады.

ДАСТАН МАРАТҰЛЫ 
ТІЛШІ
«Қапшағай көліне жіберіліп жатқан негізінен тұқы-тұқымдас балықтар оның ішінде сазан, ақ амур мен дөңмаңдай бар. Олардың саны 100 мыңнан асады. Қазақ ғылым академиясы мамандарының пайымдауынша олардың 50%-дан астамы осы жаңа ортаға бейімделуі тиіс»

РИНАТ ҚҰМАШЕВ
БАЛҚАШ-АЛАКӨЛ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Балықтардың судағы өзінің табиғи мекемеде орнында, тірі қалуын үлкейту мақсатында қазіргі таңда ғылыми зерттеу институттар мен ұсыныстар берілді. Ол екі жылдық немесе бір жылдық балық шабақтарын жіберу. Сол кез олардың енді зерттеу нәтижелері бойынша, егер екі жылдық балық шабақтарын жіберсе, олардың енді орташа салмағы 500-600 г болса, онда олар 90%-ға дейін тірі қалады. Қазір енді осы оның бәрі біздегі балық өсіруші мекемелердің цехтарында қазір сондай жұмыстар жүргізуде. Болашақта енді екі жылдық және бір жылдық балықтармен жоспарланды балықтандыру»

Жыл басынан бері Балқаш-Алакөл бассейні бойынша балық аулау лимиті 13 мың тоннадан астам көлемде белгіленіп, соның 36 пайызы игерілген. Өңірдегі 54 субъекті ел бюджетіне 192 миллион теңгеден астам қаражат төлесе, 9 ірі зауыт 13 мың тоннаға жуық өнім шығарып, тауарды Еуропа мен Ресей нарығына шығарып жатыр.  

ТЫНЫСБЕК БАРЫҚПАЕВ 
БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Бұл дегеніміз жалпы табиғатқа қосымша көмек ретінде, яғни қазіргі таңда өздеріңізге белгілі әр балық шаруашылығы субъектілері судан су өнімін су маржандарын аулауда, яғни оның орнын қалыптастыруға, яғни оның орнын қалпына келтіруге қандай да бір көмек жасау керек. Сол мелиоративті жұмыстардың бірі бұл балықтандыру жұмысы. Сондықтан олар жыл сайын осы іс-шараны өткізіп отырады»

Экологиялық акцияға қала әкімдігі, мамандар мен ауыл тұрғындары атсалысты. Табиғи тепе-теңдікті сақтауға бағытталған бұл жұмыспен қатар, браконьерлікке қарсы қатаң шаралар да жүйелі жүргізіліп, жыл басынан бері 372 заң бұзушылық әшкереленген. Балық қорын қорғау мен молайту шаралары алдағы уақытта да тұрақты жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз: