Жылдамдықты азайт!

Жыл басынан бері Райымбек ауданында болған жол-көлік апаттарынан 4 адам қаза тапты. Осыған байланысты жолдағы оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында «Жылдамдықты азайт – өмірді сақта» профилактикалық шарасы басталды. Іс-шарада жүргізушілерге жол ережесін сақтау керектігі ескертіліп, оқушыларға жолдағы қауіпсіздік талаптарын түсіндірілді. Жолдағы қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік. Профилактикалық шара аясында аудан мектептерінде оқушыларға жолдан дұрыс өту тәртібі түсіндірілді. Әсіресе жол белгілеріне назар аудару, көлік толық тоқтағанына көз жеткізу секілді қарапайым, бірақ маңызды талаптар айтылды. Сонымен қатар аудан аумағында патрульдік көліктер арнайы дыбыстық және жарықтық құрылғыларды пайдаланып, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды. 

ЕРЛАН ҚАСЫМБАЙҰЛЫ
РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
“Бұл шара шеңберінде бірнеше жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, мектептердің маңында оқушылар мен ата-аналармен кездесулер өткізіліп, оларға профилактикалық іс-шаралар туралы жол ережелерін сақтау, қауіпсіздік сақтау туралы түсндірме жүргізілді."

Шарада тұрғындарға жолдағы қауіпсіздік туралы ақпараттық парақшалар таратылды. Жолдағы тәртіпті сақтау тек полицияның емес, әрбір адамның міндеті. 

ДИДАР НҰРБОЛҰЛЫ
РАЙЫМБЕК АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
 "Акцияның негізгі мақсаты жол-көлік оқиғаларын болдырмау және солардың алдын-алу. Қазіргі уақытта оқу-жылының басталуына байланысты сіздерді мектеп маңдарында және көшелерде жылдамдықты асырмауға және көлік құралын дұрыс пайдалануға шақырамын!"

Шарада жол апатында қираған көлік үлгі ретінде қойылып, жылдамдықты шамадан тыс арттыру ажалға соқтыратыны түсіндірілді. Осы арқылы асығыстық - адам өміріне қауіп екені ескертілді. 

Сондай-ақ оқыңыз: