Қасірет зардабы

Қонаевта Семей ядролық полигонының жабылуына 35 жыл толуына және жергілікті «Семей ядролық сынағынан жапа шеккендер» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 5 жыл толуына арналған ауқымды жиын өтті. Шарада өңірдегі тұрғындардың әлеуметтік жағдайы, тарихи жадыны жаңғырту және өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу мәселелері кеңінен сөз болды. Бүгінде Қонаевтағы Семей полигоны зардабын шеккендердің басын қосқан бұл ұйымның жұмыс істеп жатқанына бес жыл толды. Қазір бірлестік 600-ге жуық адамның мүддесін қорғап отыр. Олардың барлығы -ядролық сынақ аймағында өмір сүрген жандардың ұрпақтары. Ұйым өкілдері мүшелерге жан-жақты қолдау көрсетуді басты назарда ұстап келеді. 

НАЗЫМ ШАЖАЙБАЕВА
ҚОНАЕВ ҚАЛАЛЫҚ «СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҒЫНАН ЖАПА ШЕККЕНДЕР» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Біздің көмегіміз енді, біз ай сайын Алматы қаласындағы ұйымдастырылған государственный госпиталь министерствоның, міне осы госпитальға біз ай сайын төрт адамнан жіберіп отырамыз. Ол кісілер ақысыз  демалып, ем шараларын алып, сөйтіп демалып келеді. Міне бұрын, бұрын бұндай нәрсені олар көрмеген. Біз осы ұйымды бастағаннан бастап көмегіміз осылай болып жатыр.»

Жиын барысында қасіретті жылдардың деректері мен тарихи естеліктер жинақталған «Семей қасіреті: зауалы мен зардабы» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Сонымен қатар, қоғамдық ұйымның жұмысына үлес қосқан белсенділер мен ардагерлерге арнайы мерекелік медальдар мен Алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ,  бейбітшілік идеясын насихаттау мақсатында мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған сурет байқауының жеңімпаздарын дайындаған ұстаздар қауымы марапатталды.

МАЙРА ӘБЕНОВА
СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ «ДОМ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
«Дүние жүзіне біздің еліміз өнеге көрсеткен, ядролық сынақтардан бас тартқанда бәрі жер жүзіне өнеге көрсеткен елміз. Сондықтан бұл 35 жылдық теқ қана енді өткенді айтпай, болашақты жаңа әріптестеріміз айтып кетті, өте қуаныштымыз, мына тек қана Семей ғана емес, басқа да Қазақстанның басқа жерлерінде де бұл тарихи датаны атап өтіп жатқаны өте маңызды.»

Шара соңы өнерпаз ақындардың жыр шашуымен және жас ұрпақты отансүйгіштікке үндеген әдеби көріністермен өз мәресіне жетті.

Сондай-ақ оқыңыз: