Аллея ашылды
Алатау қаласында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы және жергілікті кәсіпкерлердің бастамасымен орталық көше бойында жаңа «Адалдық аллеясы» ашылды. Игі шарада мешіт маңына жас көшеттер отырғызылып, аумақ көгалдандырылды. Саябақта жолаушылар мен тұрғындар үшін екі су құдығы салынды. «Жол бойы көгерсе, елдің көркейгені». Бұл бастама жас ұрпаққа үлгі болып, әр азаматты туған жерін құрметтеп, оған қамқор болуға үндейді.
ХАНАЛИ СУЛЕЙМАНОВ
АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Біз осы жерде туып-өскеннен кейін, "туған жерге туыңды тік" демекші, әр адам ел үшін өз үлесін қосуы керек. Бұл жобаны ұлдарыммен ақылдасып, бұрыннан ойлап жүрген едік. Мақсатымыз – сауапты іс жасау. Өткен-кеткен жолаушы, ойнап жүрген балалар осы жерден таза су ішіп, шөлін қандырса – бұдан артық қандай сауап керек?!»
МАДИЯР ПІРІМҚҰЛОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ
«Жалпы енді біздің имамдарымыз елдің азаматы болғаннан кейін, қазақтың руханиятына қызмет етіп жатқаннан кейін, қоғамдағы дінмен дәстүрге байланысты, қандайда бір іс-шаралар болса, наурыз мерекесін тойлау, отбасы күндерін тойлау, мысалға, отбасы күндеріне байланысты жаңағыдай үлгілі отбасыларды, жастарға үлгі ету барысында осындай қоғамдық жұмыстармен айналысып жатқан жағдайлары бар.»