17 жылдық белес
«Aport Mall West» 17 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Айтулы күнге сауда орталығының талай жылдан бері бірге дамып, бірге өркендеп келе жатқан серіктестері, түрлі бренд өкілдері мен қала қонақтары жиналды. Мерекелік шараға келгендер көңілді кештің куәсі болды. Балалар мен ересектерге арналған түрлі байқау, аниматорлар, интерактивті ойындар мен мерекенің ажарын аша түсті. Апорт сауда орталығы ашылғалы бері келуші қатары көбеймесе, сиремеді. Сау орталығына ай сайын миллионнан астам адам келеді. Ал мерейтой - өткенге көз жүгіртіп, атқарылған жұмысты бағамдау.
САБЫР ЖАНСАҒЫМОВ
«APORT» МОЛЛДАРЫ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Осы 17 жылға әр ай сайын бір миллионнан астам қонақтарымызды қуантып, көңіл күй сыйлап, тек қана жәй ғана мол емес, сауда орны ғана емес, үлкен көңіл-күй және әсер алатын жерге айналды деп ойлаймыз.»
Он жеті жылда түрлі өзгеріс болды. Орталықта балаларға арналған түрлі ойын алаңдары мен кино әлемі бар. Сондай-ақ сауда-саттыққа ыңғайлы орын.
ФАТИМА ЕЛЕУСІЗОВА
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Алматыға келгеніме жалпы жиырма жылға жақындады. Бірақ апортқа келгеніме он жылдай болды. Апортқа табыс тілеймін, еңбектері жана берсін. Клиенттері көбейе берсін.»
ОРЫНБАСАР ҚАДЕКЕЕВА
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Апорттың ашылғаны жақсы бізге. Қолжетімді. Өзіізге ыңғайлы нәрсеміздің бәрін таба аламыз. Табысты бола берсін, жетістіктері көп болсын.»
Aport Mall West жаңа өзгерістерге бет бұрмақ. Алда тамақтану аймағы жаңарып, жаңа жобалар іске қосылады. Сауда орындарының қатары да толығып, әлемге танымал бірнеше брендтің жаңа дүкендері ашылады.