200 түп ағаш отырғызылды
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жібек жолы ауылында «Ағаш отырғызу» күні өтті. Шараға 100-ге жуық экобелсенді, еріктілер, ауыл тұрғындары мен мемлекеттік қызметшілер қатысып, 200 түп ағаш отырғызды. Негізгі мақсат – ауылды көгалдандырып, айналаны таза ұстауға және табиғатты қорғауға үлес қосу. Игі бастама арқылы әр азамат ауылды көркейтуге өз үлесін қосады.
ЖАСҰЛАН ЕСТЕНОВ
ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Біздің ауданда арнайы полигон бар. Қоқыстың барлығы сол жаққа барып утилизация жасайды. Одан қоса сол полигонның иегелері сол қоқысты сортировка жасау үшін жаңа зауыттың іргетасын қалады. Болашақта соны сортировать етіп, ары қарай қалдықтарын ғана көметін жағдай жасайды.»