Есеп емес, нәтиже керек

Қонаевта Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың төрағалығымен әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиында әйелдердің репродуктивті денсаулығын нығайту, ерте жүктіліктің алдын алу және отбасын қолдау орталықтарының жұмысы талқыланды. Жауапты басқармалар атқарылған жұмыс пен әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде баяндама жасады. Алайда депутаттар ұсынылған баяндамаларда нақты талдау мен нәтижеден гөрі құрғақ цифрлардың басым екенін сынға алды. Тағдыр тауқыметіне түскен әйелдерге көрсетілетін көмекті күшейту қажет. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын жүйелеу ұсынылды. Жастар орталықтарының жұмысы да сынға алынды. Олардың тиімділігін арттыру керек деді депутаттар.  

БАҚЫТГҮЛ ЕЛШІБАЕВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ГЕНДЕРЛІК СҰРАҚТАР БОЙЫНША КЕҢЕСШІСІ 
«Көшбасшы әйелдердің әлеуетін дұрыс қолданып жатқан жоқпыз дегенді айтқым келеді. Біздің ауданда, облыста статустары бар әйелдер көп. Соларға бір құзіреттер беру, бір мәселелерді нақты шешуге мүмкіндік беру мәселелері дұрыс жолға қойылмаған.»

Сондай-ақ оқыңыз: