Жаңа әкім тағайындалды
Ұйғыр ауданының әкімі болып Талғат Ескендірұлы Байеділов тағайындалды.Талғат Байеділов 1972 жылы Кеген ауданында дүниеге келген. Әр жылдары Райымбек ауданы әкімінің орынбасары, Кеген ауданының әкімі, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы және төрағасы қызметтерін атқарған. Мемлекеттік қызметтегі еңбегі үшін 2019 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ол бұған дейін Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметін атқарды.