Агросаланың дамуы

Жер бетінде тұщы су қоры азайып, топырақ құнарсызданып, климат өзгеруде. Қайтпек керек?! Алматыдағы ғылым ордасында «Ауыл шаруашылығы және тамақ технологиялары саласындағы зерттеулер» атты VI Халықаралық конференциясы өтті. Басқосуға әлемнің 12 елінен 100-ден аса ғалым қатысты. Олар ауылшаруашылығындағы жасанды интеллект әлеуеті, азық-түлік қауіпсіздігі және климат өзгерісіне бейімделудің жаңа жолдары туралы өз ойларымен бөлісті. Тақырыпты кеңірек тілшіміз таратып айтады. Конференцияда ғалымдар ауыл шаруашылығын заман талабына сай дамыту қажет екенін айтты. Әсіресе, климаттың өзгеруіне байланысты егін және мал шаруашылығына жаңа тәсілдер енгізудің маңызы зор. Табиғи жағдайға бейімделіп, заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы ғана халықты сапалы азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз етуге болады.

РАФИС АБАЗОВ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ 
«Салаға соңғы үлгідегі технологияны қолданумен жасанды интеллектті кеңінен енгізу жылына екі мәрте егін егуге, яғни ауылшаруашылығы өнім көлемін 60 пайызға дейін артыруға  мүмкіндік береді. Біз осы арқылы азық-түлік қауіпсіздігін 30 пайыз қосымша қормен қамтамасыз ете аламыз.»

Саланы цифрландыру - заман талабы. Оның үстіне жер бетінде тұщы суға деген тапшылық та байқалып келеді. Сонымен қатар топырақ сапасын жақсарту  - өзекті мәселе. Оған қоса кезек күттірмес шаруалардың бірі - терең өңдеуге мүмкіндік беретін дәнді дақылдың жаңа сорттарын шығару. Бас қосуда міне осы бағыттағы ғалымдар ойы кеңінен талқыға түсті.  

АЙКУТ ГЮЛЬ
ТҮРКИЯЛЫҚ САРАПШЫ
"Жерде адам саны ұлғайған сайын азық түлікке деген сұраныс та жоғары. Әсіресе климат өзгерісі мен ауыз су тапшылығына  әлем назар аударуы керек деп ойлаймын. Себебі  құрғақшылық күшейіп келеді. Сондықтан әр тамшы суды үнемді пайдалану адамзат ертеңі үшін маңызды. Ал сапалы сорттады да ғалымдар осындайда біріге отырып саралап шығуы керек.»

Айта кетсек бүгінде еліміздегі ауылшаруашылығы саласын цифрландыру мен жасанды интеллект қолдану көрсеткіші 30 пайызға жетті. Ал әлем бойынша салада озық технология енгізуде Оңтүстік Корея мен Жапония көш бастап тұр.

Сондай-ақ оқыңыз: