Тазалық ел айнасы
Райымбек ауданында тазалық шарасы өтті. Тұрғындар туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосып, аббаттандыру жұмысына қатысты. Жалпы таулы аймақта дәстүрлі сенбіліктер барысында 10 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылған. Сенбілік барысында көшелер, қоғамдық орындар, жол жиектері мен тротуарлар тазартылды. Абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еңбек ұжымдары, жастар мен ауыл тұрғындары жұмылды.
ШЫҢҒЫС ЕРЛАНҰЛЫ
РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
“Бүгінгі “World clean up day”- акциясы аясында аудан бойынша 600 түп ағаш егіліп,оған 5 мыңнан астам адам және 15 арнайы техникалар жұмылдырылып,жұмыстар жүргізілді. Енді алдағы уақытта осы ағаштардың күтіп баптау жұмыстары мен көгалдандыру жұмыстары атқарылатын болады.”
Экологиялық шарада аудан өнерпаздары да белсенділік танытып, әуезді әндерімен халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Осылайша тазалық жұмыстары ұжымдық еңбекке ұласты.
МЕДЕТ СЕРІКҰЛЫ
РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ БАҚҚОЖА МҰҚАЙ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
“Тазалық денсаулық кепілі”- дейді атамыз қазақ. Бүгін халықаралық ағаш егу акциясына өзіміздің туған еліміздің гүлденуіне,көркеюіне, оның үстіне мынау балаларымыз ойнайтын, өзіміз келіп бір уақыт серуендейтін орталық саябағымызға ағаш отырғызу акциясына үлкен борышымыз деп, міндетіміз деп үлесімізді қосуға келіп отырмыз.»
Тазалық – бір күндік шара емес, күнделікті мәдениет пен ортақ жауапкершіліктің көрінісі. Қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты аялау және елді мекендердің көркін арттыру бағытындағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.