Астық кешені ашылды

Еңбекшіқазақ ауданында облыстағы  ең ірі дәнді дақылдарды сақтау және өңдеу кешені жұмысын бастады. Жалпы сыйымдылығы 120 мың тоннаға жететін өндірістік нысанның ашылуына облыс әкімі Шыңғыс Әрінов арнайы қатысты. Оған қоса аймақ басшысы Алатау қаласында логистикалық парк жобасының іргетасын қалады. Тақырыпты  тілшіміз толықтырады. Алып кешеннің еңсе тіктеуіне Масақ ауылы маңынан 10 гегтарға жуық жер телімі бөлінді. Ал элеватор мен сақтау қоймасына қажетті жабдықтар Германия мен Испаниядан жеткізілді. Жалпы инвестиция құны 25 милиярд теңгеге жуықтайды. Зауыт  сағатына орта есеппен 29 тонна астық кептіре алады. Бұл өңірдегі шаруашылықты жандандыруға зор септігін тигізеді» деді салтанатты ашылуда сөз алған облыс әкімі Шыңғыс Сайранұлы.

ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Өндіріс ошағы диқандардың еңбегін еселеп, өнім сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге кәсіпорын тек астық сақтаумен шектелмейді мұнда құрама жем шығару да жоспарда. Кешенге электр желісі, су және жол қатынасы салынды. Мұндай инвесторларды қолдау өңірімізде жалғаса береді»

Кәсіпорынның ашылуы тек ішкі әлеуетті ғана емес өңіріміздің экспорттық мүмкіндіктерін арттыруға да оң септігін тигізеді. Әрі 40 қа жуық адам тұрақты жұмысқа орналасты. «Алдағы уақытта кешен аумағында 500 тонна өсімдік майын өңдеу зауытын салынбақ.

ЕРЛАН МЫРЗАҒАЛИЕВ
«QAZECODAN» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Қандай дән алып келсе сондай дәндерді құрғатамыз, енді осы төңеректе жүгері мен соя егеді. Соны сатып алып кептіріп сақтап жатырмыз. Енді кімде сұраныс болады соған сатамыз. Болашақта Өзбекстан, Тәжікстан, Иран елдеріне экспорттаймыз деген ойымыз бар»

Осыдан кейін аймақ басшысы Шыңғыс Әрінов Алатау қаласына барды. Мұнда енді еңсе тіктегелі жатқан іргелі логистикалық кешен  жобасының іргетасын  қалау рәсіміне  қатысты.

ИСЛАМ ӘБДІКЕРІМ
«GRIFFIN LOGOPARK ALMATY» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ
Аударма «Мұнда А+ санатындағы логистикалық кешен салынады. Жоба құны 125 милион доллар. Болашақта  жергілікі 2 мың адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз» 

Айта кетсек бұл жоба үш кезең бойынша жүзеге асып, 2027 толықтай қуаттылығына енбек.

Сондай-ақ оқыңыз: