Нәтижелі серіктестік
Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл. Осы айтулы датаға орай Қытайдың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі салтанатты қабылдау кешін ұйымдастырды. Биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынасқа 34 жыл. Тәуелсіздік жылдарында айтарлықтай нығайған екіжақты байланыс, соңғы жылдары ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтерілді. Мәселен осыдан бес жыл бұрын елдегі қытай автокөліктерінің үлесі небәрі 3 пайыз болса, биыл көрсеткіш 43 пайызға жеткен.
СУ ФАНЦЮ
ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЛМАТЫДАҒЫ БАС КОНСУЛЫ
«Алматы облысының географиялық тұрғыдан да, табиғи ресурстары жағынан да өзіндік артықшылықтары бар. Менің білуімше, қытайлық кәсіпорындар мен компаниялар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр. Мысалы, жүгері өсіру, май өндіру және қайта өңдеу бағыттарында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол»
Сондай ақ қытайлық журналистер қауымдастығы мен Қазақстан Журналистер одағы арасында 15 жылдан бері әріптестік дамып келеді. Серіктестік аясында кәсіби кездесулер өткізіліп, тәжірибе алмасу бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр. Кезекті басқосуда журналистика саласында жасанды интеллектіні қолдану және оның ақпарат кеңістігіне әсері талқыланды.
БАЯН РАМАЗАНОВА
ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ
«Бүгін біз ең өзекті мәселелердің бірі – жасанды интеллектіні енгізу және оны қазіргі журналистикада пайдалану тақырыбын талқылап жатырмыз. Бұл – ең алдымен, уақытты үнемдеу, жұмысты жеделдету, күш пен ресурсты тиімді пайдалану тұрғысынан үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, адам мүмкіндіктері мен жасанды интеллектінің әлеуетін орынды әрі тиімді пайдалану арасындағы тепе-теңдікті сақтау да маңызды. Бүгінгі конференцияда осы мәселелер кеңінен талқыланады»