Тәуелділікке қарсы күрес: алдын алу, емдеу, қолдау!
Алматы облысында тәуелділіктің алдын алу, наркологиялық көмек көрсету және пациенттерді әлеуметтік оңалту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері облыста 2 703 адам наркологиялық бақылауда тұр. Облыстық психикалық денсаулық орталығында емделушілерге медициналық көмек көрсетумен қатар, оларды қоғамға қайта бейімдеуге ерекше көңіл бөлінеді. Емдік-еңбек шеберханасында оңалтудан өтушілер түрлі бұйымдар дайындап, еңбек дағдыларын қалпына келтіруде. Сонымен қатар «12 қадам» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында білім беру, құқық қорғау органдарымен бірлесіп, дәрістер, форумдар мен ақпараттық кездесулер ұйымдастырылуда.
ӘЛІМБЕК ТӘЖЕКОВ
ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
- Алматы облысында профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Тоғыз ай ішінде 18 іс-шара ұйымдастырылды. Соның бірі – жазғы демалыс кезінде өткен «Есірткіге жол жоқ!» акциясына 4 700-ден астам студент пен жас қатысты. Бұл бағыттағы жұмыстарға облыс әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасы және есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қолдау көрсетті.