Әдеп пен тәртіп — мемлекеттік қызметтің негізі!

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің жанындағы Әдеп жөніндегі кеңес соңғы тоғыз айда 6 рет бас қосып, барлығы 147 мәселені талқылады. Оның ішінде 60 тәртіптік іс пен 87 профилактикалық сұрақ бар. Жиындарда негізінен шенеуніктердің Әдеп кодексі мен заңдарды сақтауы, тәртіптік комиссиялардың жұмысы, жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатыспауы сияқты өзекті тақырыптар сөз болды. Бұдан бөлек, Департамент мамандары әлеуметтік желідегі шенеуніктер туралы жазбаларды бақылап, олардың жұмыс уақытын сақтауын және кәсіпкерлікпен айналыспауын қадағалады. Сондай-ақ «Е-қызмет» жүйесі арқылы жеке істерді де зерделеп шықты. Жалпы атқарылған жұмыс нәтижесінде мемлекеттік органдарға 521 ұсыныс жолданды. Бүгінде оның 470-і орындалып, 50-і орындалу үстінде, ал біреуі әлі де бақылауда. 

МАДИЯР ИСЕБАЕВ
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын мәселелерінің өзекті мәселелерінің бірі бұл жаңағы әдеп кодексін сақтау және де жер мәселесі болып табылады. Бізден ұсыныс кетеді департамент тарапынан әдеп жөніндегі кеңестерінің шешімімен бүгінгі таңда 521 жаңағы ұсыныс жолданған болатын, барлығы 100% орындалды.

Сондай-ақ оқыңыз: