Түркі әлемінің жаңа белестері

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар ұсыныс айтты. Президент экономикалық байланыстарды кеңейту, Орта дәлізді дамыту, цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы әріптестікті арттыруға басымдық берді. Сондай-ақ 2027–2031 жылдарға арналған ұйым стратегиясын қабылдауды және келесі жылы Қазақстанда іскерлік форум өткізуді ұсынды. Бұдан бөлек, тарихи-мәдени мұраны сақтау, Түркістанның рухани әлеуетін дамыту және ұйымның жұмысын жетілдіру мәселелеріне тоқталды. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
- Біздің еліміздің Ұйымға мүше елдермен алыс-берісі биыл 10 миллиард долларға жуықтады. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 40 пайызға артып отыр. Осы қарқынды сақтап қалу үшін әлі де бірқатар шараларды іске асыруымыз керек. Ең алдымен, «Түркі әлемінің келешегі – 2040» бағдарламасын сапалы орындау өте маңызды. Осы тұста Түркі мемлекеттері ұйымының 2027-2031 жылдарға арналған стратегиясын жедел қабылдау қажет.

Сондай-ақ оқыңыз: