Брежневтің сыйы: Қонаевтың ЗИЛ-114 лимузині қайта қалпына келтірілді

Алматыда Дінмұхамед Қонаев мінген лимузин қайта қалпына келтірілді. Кезінде Леонид Брежнев достықтың белгісі ретінде сыйға тартқан бұл көліктің тарихи маңызы ерекше. 
Аты аңызға айналған автокөлік қазір Қонаев атындағы халықаралық қорға тиесілі. «ЗИЛ-114» Кеңес Одағы кезеңінде автомобиль өнеркәсібінің ең жоғары жетістігі болған. Бар болғаны 103 данасы шығарылған көліктің салмағы 3 тоннадан асады, ұзындығы 6 метр. Лимузин сегіз цилиндрлі 7 литрлік қозғалтқышпен жабдықталған. 300 аттың күші бар. Димаш Ахметұлының сол кездегі жүргізушісі Сергей Корнеев жаңартылған көліктің тізгініне отырып, жастық шағын еске алды.

СЕРГЕЙ КОРНЕЕВ
Д.ҚОНАЕВТЫҢ ЖЕКЕ ЖҮРГІЗУШІСІ:
«Димаш Ахметұлы жанымда отырып, алғаш рет рөлге отырған кезде арқамнан суық тер бұрқ ете қалды. Өйткені қатты қобалжыдым. Ал Димаш Ахметұлы өте сезімтал, адамды түсіне білетін жан еді. Менің қобалжып отырғанымды байқап: „Сереке, қорықпа, өзіңді еркін ұста“, – деді».

Сондай-ақ оқыңыз: