САЙЛАУҒА ҚАТЫСАТЫН САЯСИ ПАРТИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Qonaev TV» Телерадиокомпаниясы» ЖШС-нің саяси партиялардың сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін «Qonaev Media» телеарнасынан эфир уақытын беруінің және qonaevtv.kz интернет-ресурсында орналастыруының жалпы шарттары (Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау аясында, сайлау күні — 2026 жылғы 23 тамыз).
«Qonaev TV» Телерадиокомпаниясы» ЖШС – «Qonaev Media» телевизиялық арнасының (бұдан әрі – Телеарна) және qonaevtv.kz интернет-ресурсының (бұдан әрі – Интернет-ресурс) меншік иесі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) Телеарнада және Интернет-ресурста орналастырудың төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.
1. Телеарнадағы эфир уақыты және Интернет-ресурста орналастыру Телеарна мен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеген саяси партиялардың (бұдан әрі – Саяси партия) арасында, немесе Саяси партияның уәкілетті өкілімен жасалатын жазбаша шарт негізінде беріледі. Саяси партиялардың Үгіт материалдарын Телеарна эфирінде және Интернет-ресурста орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен, ал өтініштер бір мезгілде түскен жағдайда – жеребе тәртібімен белгіленеді. Жеребе өткізудің тәртібі мен шарттарын «Qonaev TV» Телерадиокомпаниясы» ЖШС айқындайды. Егер жазбаша өтінім түскен сәтте сұратылып отырған уақыт бұрын өтініш білдірген басқа Саяси партияға берілген болса, не техникалық мүмкіндіктерге байланысты берілуі мүмкін болмаса, Телеарна техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Саяси партияға Үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақытты ұсынады. Үгіт материалдары «Qonaev Media» телеарнасына материалдардың эфирге шығуының болжамды күнінен кемінде 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын және Интернет-ресурста орналастырылатын күнінен кемінде 1 (бір) күнтізбелік күн бұрын ұсынылуға тиіс.
2. Материалдарға қойылатын техникалық талаптар: Эфирге арналған (ТД): Бейнеформат: MPEG2 кодегі, Chroma 4:2:2, битрейт 50 Мбит/сек, секундына 25 кадр, ажыратымдылығы 1920x1080, тарату түрі interlaced, өріс құрылымының реті – жоғарғы өріс бірінші (topfieldfirst), кадр арақатынасы 16:9. Дыбыс форматы: PCM форматы, WAV, 24 бит, 48 kHz, деңгейі -12 дБ, материалдың соңғы нұсқасындағы дыбыс 1-стереоарнаның сол жақ дорожкасына жинақталуы тиіс, бірдей оң жақ дорожканы (псевдостерео) пайдалануға жол беріледі. Бейне мен дыбыс HD үшін MXF OP-1a контейнерінде болуы тиіс. Материалдар сыртқы тасымалдағыштар (қатқыл диск, флеш-карта) арқылы не электронды сақтау қоймасына сілтеме беру жолымен тапсырылады.
Интернет-ресурстарға арналған: Өлшемі 1920x624 баннерлер (PNG форматы, 2,5 Мб-тан аспайды). Бос орындарды есептемегенде көлемі 2 000 таңбаға дейінгі мәтіндік мақалалар (3 фотоға дейін), не бос орындарды есептемегенде 10 000 таңбаға дейінгі лонгридтер (15 фотоға дейін). Мақалаларға арналған фотосуреттердің ажыратымдылығы – кемінде 1200*768 пиксель (PNG немесе JPG/JPEG форматы, 2 Мб-тан аспайды).
3. Бейнематериалдармен қатар, эфир уақытын беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлға қол қойған, Үгіт материалының мазмұнын құрайтын мәтіннің транскрипциясы, Үгіт материалдарында бейнесі пайдаланылған тұлғалардың жазбаша келісімдері, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша келісімдері, Үгіт материалдарында кәмелетке толмаған балалардың бейнесі пайдаланылған жағдайда – ата-аналарының, қамқоршыларының, қорғаншыларының жазбаша келісімдері ұсынылады. Үгіт материалдарында қаржыландыру көздері туралы (саяси партияның сайлау қорының қаражатынан төленгені туралы) дыбыстық немесе көрнекі ақпарат болуға тиіс.
4. Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады. Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған кезде, Үгіт материалдарын эфирде және/немесе Интернет-ресурста орналастыру жүргізілмейді немесе бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
5. Телеарна, егер Үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық алауыздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылық культі идеялары, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары қамтылса, оларды орналастырудан бас тартады. Телеарна Үгіт материалдарында басқа саяси партиялардың және олардың Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттарының ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда, оларды орналастырудан бас тарту құқығына ие.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген орналастырудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
|
«Qonaev Media» телеарнасы эфирінде орналастыру |
||
|
Қызметтің атауы |
Құны |
Ескертпе |
|
Бейнеролик, 60 секундқа дейін |
42 000 |
1 минутына |
|
Телеарнаның qonaevtv.kz интернет-ресурсында орналастыру |
||
|
Қызметтің атауы |
Құны |
Орналастыру мерзімі |
|
Жаңалықтар лентасындағы мақала (бос орындарды есептемегенде 2000 таңбаға дейін) |
150 000 |
1 тәулік |
|
Мақаланы басқа тілде қайталап шығару |
60 000 |
- |
|
Лонгрид (10 000 таңбаға дейін, 15 фотоға дейін) |
250 000 |
1 тәулік |
|
Эфирге шыққан жарнамалық-ақпараттық материалдарды сайтта орналастыру |
50 000 |
1 тәулік |
Эфирде орналастыру құнына Телеарнаны таратудың барлық қолжетімді орталарында — эфирлік аналогтық, эфирлік цифрлық, спутниктік, сондай-ақ кабельдік операторлар арқылы және Интернет желісінде онлайн трансляциялау арқылы — таратылымы мен қайта таратылымы кіреді. Телеарнада және Интернет-ресурста Үгіт материалдарын тарату үшін жасалған шарт бойынша төлем Телеарна қойған төлем шотының негізінде шот қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жазбаша өтініштерді Телеарна 2026 жылғы 23 шілдеден бастап 2026 жылғы 18 тамызды қоса алғанда, демалыс және мереке күндерінен басқа, жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін үзіліспен) мына мекенжай бойынша қабылдайды: Алматы қаласы, Достық даңғылы 210Б, 2-қабат, телефон нөмірлері: +77009093717, +77471103489. Жазбаша өтініштер факсимильдік және интернет байланысы арқылы қабылданбайды.