Қонаевта мемлекеттік қызметшілер арасында шахмат турнирі басталды

Конаевта мемлекеттік қызметшілер арасында шахмат турнирінің өңірлік іріктеу кезеңі басталды. Жарысқа  8 команда құрамындағы 32 адам қатысуда.  Бәсеке рапид форматында ұйымдастырылып, әр ойыншыға 10 минут және әр жүріске қосымша 5 секундтан беріледі. Командалар жеті тур бойы өзара сынға түсіп,  үздіктер анықталады. "Зияткерлік ойын  мемлекеттік мекемелер арасындағы кәсіби және бейресми байланысты нығайтады» дейді ұйымдастырушылар.

МАДИЯР ИСЕБАЕВ 
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Бұл енді негізгі мақсаты турнирдің жаңағы мемлекет қызметшілерінің арасында қарым-қатынасты нығайту және тәжірибе алмасу болып саналады. Бұл осы облысымыз мемлекет қызметшілері арасында ең мықты шахмат иегерлерін анықтау және де осы қазан айында Астана қаласында өтетін Республикалық турнирге жолдама болып саналады».

Сондай-ақ оқыңыз: