Талғар ауданында жасөспірімдер арасындағы республикалық бокс турнирі өтуде
Талғар ауданында қазақ боксының көрнекті өкілі, даңқты бапкер Тұрсынғали Еділовтің жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық бокс турнирі өтіп жатыр. Рингтегі әр секунд пен әр ұпай маңызды. Бұл дода – жастардың бабын байқап, жігерін жанитын шеберлік мектебі.
Турнирдің мақсаты – рингтегі мықтыларды анықтап, олардың спорттағы жолына қолдау көрсету. Жарыс жас боксшылардың тәртібі мен төзімділігін шыңдап, жеңіске деген жігерін арттырады. «Болашақ әлем және Олимпиада чемпиондары осындай білек пен жүрек сыналатын додаларда шыңдалады», – дейді даңқты бапкер.
ТҰРСЫНҒАЛИ ЕДІЛОВ
ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
«Әрине осындай турнирден жасөспірімдер тәжірибе жинап, ертен құрама командаға ілініп дегендей, құрама команданың көк байрағын шетелде үлкен дәрежеде қорғайды, сол үшін осы турнирді ұйымдастырылып жатыр СКЛ бәрі аспаннан түсіп жатқан жоққой Ермахан, Бекзат болсын Жұмәділ болсын осындай турнирдан өскен»
Тұрсынғали Еділов – қазақ боксының дамуына зор үлес қосқан, талай дарынды спортшыны тәрбиелеген білікті бапкер. Оның шәкірттері арасынан ел спортының тарихында есімі алтын әріппен жазылған чемпиондар шықты. Солардың бірі – 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы атанған Ермахан Ыбырайымов. Бүгінде атақты спортшы жас буынға қолдау көрсету үшін осы турнирдің басы-қасында жүр.
ЕРМАХАН ЫБРАЙМОВ
СИДНЕЙ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ
« Осы турнирді өткізу арқылы Алматы облысы Талғар ауданының боксшылары үшін бұл өте мықты мектеп олар осы жарысқа қатыса отырып өзінің тәжірибесін өзінің шыңдайды, шыңдап болғаннан кейін Азия чемпионаттарында әлем чемпионаттарында өнер көрсетіп чемпион болады, бәлкім 10 жыл өтер 15 жыл өтер бірақ осы Талғар ауданынан міндетті түрде олипиада чемпиондары, әлем чемпиондары шығады деген сенімім мол!
Жас боксшылар үшін бұл жарыс – тәжірибе жинап, өз мүмкіндігін сынайтын маңызды баспалдақ. Ал Тұрсынғали Еділов қалыптастырған спорттық дәстүр кейінгі буынға жол көрсетіп, қазақ боксының болашағына қызмет етіп келеді.
ӘДІЛЕТ ПЕЙІЛ
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
«Мен Қытайдан келдім Тұрсынғали ағаның қолында тренировка жасаймын. Осы жолға жарысқа машығым тренировкам күшті, дайындығымда күшті. Мен енді осы жарыста чемпион орын аламын. Осы жарысқа қатысқан балаларға сәттілік айтамын, барлық оқушы өзінің ойнаған нәтижесін алсын
Ал финалдық жекпе-жектер 29 тамыз күні өтеді.Үздіктерге арнайы медальдар мен грамоталар табысталып, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер атағы беріледі.