Мүсіндегі ұлт мінезі
Алматы өнер музейінде Қазақстанның бірегей туындылары ұсынылған «Мүсіндер» атты көрме ашылды. Экспозиция 1950 жылдан бергі мүсін өнерінің даму тарихын қамтиды. Шығармашылық алаңда танымал суретшілер мен мүсіншілердің қайталанбас еңбегі қойылған. Көрмеде ерекше көзге түскен Ербосын Мелдібековтың «Белгісіз батырға ескерткіш» атты туындысы. Бұл 1970 жылы жасалған еңбек. Аттың тұяғын көркем мүсінделіп, тарихи жадыны жаңғыртады.
МЕРУЕРТ ҚАЛИЕВА
«ALMATY MUSEIM OF ARTS» МУЗЕЙІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
«Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда ұлттық тарихты жаңғырту мақсатында тарихи тұлғаларға арналған ескерткіштер көптеп бой көтерді. Алайда уақыт өте келе бұл үрдіс ұлттық мифтерді қалыптастыру құбылысына да айнала бастады. Ербосын Мелдібековтің туындысы осы мәселені көтеріп, көрерменді «Бүгінгі қоғамға қандай қаһармандар керек?» деген сауал төңірегінде ойлануға шақырады.»
Көрмеде темірден жасалған дүниелер де бар. Мәселен тұрмысқа қолданылатын қарапайым заттардан «Ат үстіндегі перғауын» Георгий Бухаровтың шығармашылық қырын танытады. Ал Молдақұл Нарымбетовтың дөңгелек резеңкесінен жасалған «Балбал тас» өткен мен бүгіннің ұштасар сәтін ерекше айшықтайды. Көне түркілерге тән дәстүрді заманауи өнер тілімен ұштастырады.
АРНА АЙТҚОЖА
ЭКСКУРСИЯ ЖЕТЕКШІСІ
«Суретшілер өз ойын жеңіл түрде және бостандықты сезіне отыра басқа материалдарды қолданып, яғни өзін көрсете бастайды. Сол себепті қазіргі таңдағы авторларға қарайтын болсақ және кеңес одағындағы авторларды қарайтын болсақ, олардың айырмашылығы кеңістікте. Мүсіннің формасының өзгеруі.»
Экспозиция кеңес кезеңіндегі академиялық туындылардан бастап қазіргі суретшілердің ізденісін де қамтиды. Десе де жетпіс жылды бір ғана жоба аясында түгел қамтып шығу мүмкін емес. Көрмені мамыр айына дейін тамашалауға болады.