Асанәлі Әшімовтың ескерткіші ашылды
Алматыдағы Кеңсай зиратында қазақ киносы мен театрының заңғар тұлғасы, Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің бейітіне ескерткіш орнатылды. Ал мүсінді Зүлфия Мелдеш пен Талғат Серікбаев жасап, ұлы актердің кескін-келбеті мен адами болмысын тасқа қашап, тұлғаға тағзым етті.Толығырақ тілші материалында.
Асанәлі Әшімовтің өмірден озғанына тоғыз ай болды. Бүгін Кенсай зиратында туған-туыстары, әріптестері мен шәкірттері жиналып, өнер иесін еске алды. Ескерткішті орнату бастамасын актердің жары Бағдат Әшімова көтерген. Бұл - ұлы өнер иесіне деген құрметтің белгісі әрі оның жарқын бейнесін кейінгі ұрпаққа жеткізетін мұра.
БАҒДАТ ӘШІМОВА
АСАНӘЛІ ӘШІМОВТЫҢ ЖҰБАЙЫ
"Кейінгі жастар жүзін ұмытпай осы жерден өткен адам құран оқып өтсе менің арманым сол . Аскеңнің мәңгілік мекенінде жатқан жері жайлы болсын, бұрын айтатынмын мен Аскеңе қызмет етемін деп мен енді басым жерге жеткенше рухына қызмет етемін"
Мүсінші Зульфия Мелдештің айтуынша, актердің бейнесін сомдауға арналған эскиздер көп ізденісті қажет етпеген. Өйткені оның әкесі Асанәлі Әшімовпен жақсы араласып, екі отбасы етене сыйласқан. Ескерткішті жасауға Талғат Серікбаев та атсалысып, әріптесінің идеясын тасқа қашап, көркем образға айналдырды.
Асанәлі Әшімов – қазақ киносы мен театрының тарихында өшпес із қалдырған өнер иесі. Ол сомдаған сан алуан образдар мен режиссерлік еңбектері ұлттық өнердің алтын қорына енді. Талантты актердің шығармашылығыхалықаралық деңгейде де жоғары бағаланды.
ТАЛҒАТ СЕРІКБАЕВ
МҮСІНШІ
"Тұлғалардың мүсінін сомдау өте үлкен жауапкершілік талап етеді. Біріншіден бұны қалай айтсақ қашап жатқанда сындырып алу қаупі болады. Енді бұны көп уақыт алатын себебі бұл Асекеңнің абыройлы адам болғандықтан, танымал адам болғандықтан асықпай жасауға тырыстым.
Сахна саңлағына қойылған ескерткіш – халықтың Асанәлі Әшімовке деген шексіз құрметі мен ыстық ықыласының белгісі.
НҰРЛАН ОРАЗАЛИН
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
"Асекең шынында да ұлттың баламасына айналып кеткен, Бренд дейтін сөз бар сол биікке көтерілген, шын мағынасындағы өнерді қала қазақ халқының өрісінің кеңдігіне жүгіндірген, танытқан, әлемдік биікке алып шыққан және қайталанбайтын өзіндік болмысымен ғұмыр кешкен ерекше тұлға болатын"