Жаңа телехикая
Алматыдағы «Арман» кинотеатрында драмалық жанрдағы «Тохіс» телехикаясының алдын ала көрсетілімі болды. Бұл – комедия, драма мен шытырман оқиғалар желісін тоғыстырған, көрерменді алғашқы минуттардан-ақ баурап алатын жаңа жоба. Көрсетілімге жоба авторлары, актерлер мен киноиндустрия өкілдері қатысып, туындының ерекшеліктері мен түсірілім барысы туралы ой бөлісті. Мәдени шараны ұйымдастырушылар қонақтарды ерекше шоумен қарсы алды. Көрермен бірден фильм әлеміне енгендей әсерге бөленді. Ал кинотеатр ішіндегі декорациялар мен арнайы безендіру сериалдағы оқиғалардың атмосферасын шынайы сезіндірді. Ал телехикаяның режиссер Айтөре Жолдасқали үшін «Тохіс» — бала күнгі арманының жүзеге асуы.
АЙТӨРЕ ЖОЛДАСҚАЛИ
РЕЖИССЁР
«Сол фантастиканың ішінде бір өзіміздің кішкентай кездегі травмаларымыз, сондай бір супер күшке айналу мүмкін деген бір оймен жасадық. Жалпы команда қатты қиналды барлық проекттегілердей кино жалпы өте қиынғой бірақ бұл жерде енді біздің бағанағы өте күшті команданың арқасында жәнеде Freedom-ның арқасында бұл проект жүзеге асуға мүмкін болды деп ойлаймы»
Жас актер Алмаз Міржақыпов «Toxic»- сериалында Фара есімді кейіпкерді сомдайды. Фара – ерекше қабілеттің иесі. Ол басқа адам кейпіне ене алады. Сонысын әлеуметтік желіде танымал болу үшін пайдаланады. Бірақ ерекше күшпен бірге жауапкершілік те бар.
АЛМАЗ МІРЖАҚЫПОВ
АКТЁР
«Өте қуаныштымын бір жарым жыл бұрын түсірілді 44 сменалық ауыр жұмыстың қорытындысын бүгін көрейін деп тұрмыз. Ең алғашқы фильмді Айтөремен жұмыс істедім. Осы жолы шақырғанда сенгеніне қуанышты болдым, импровизацияға өте көп орын берді маған»
Комедия, драма мен фантастиканы қатар қамтыған сериалды 14 жастан бастап көруге рұқсат етіледі. Телехикаяны ғаламтордағы платформалардан тамашалауға болады.