Өнерге тағзым

«Қазақфильм» жұлдыздар аллеясында жаңа есімдер пайда болды. Қазақ киносы күніне орай Алматыдағы ұлттық киностудия аумағында отандық кинематографияның сегіз көрнекті өкіліне арналған естелік жұлдыздар ашылды. «Қазақфильм» жұлдыздар аллеясына тағы сегіз есім қосылды. Олардың қатарында көрнекті режиссерлер - Әзірбайжан Мәмбетов, Сламбек Тәуекел, Виктор Чугунов,  актер Нұрлан Сегізбаев, кинооператор Болат Сүлеев,  режиссер әрі продюсер Мұрат Нұғманов, суретші-қоюшы Әлім Сабитов және кинотанушы Бауыржан Нөгербек бар. Олардың әрқайсысы отандық кинематографияның дамуына өзіндік үлес қосты. 


АЛТЫНАЙ НӨГЕРБЕК
АКТРИСА 
«Өзіміздің әкеміз Бауыржан Нөгербек атындағы жұлдыздың жанғаны. Біз үшін өте ерекше қуантарлық жайт, біз баласы ретінде қуанып жатырмыз ал әрине әкеміздің киногер ретінде, кино сыншы ретінде, жалпы қазақ кино тану мектебін қалыптастырушы ретінде оның еңбегі ұшан теңіз. Сондықтан еңбегі еленіп уақыт өтседе ұмытылмай жатқаны біз үшін үлкен мәртебе»

Өнер иелерінің  шығармашылығы қазақ киносының өзіндік мектебін қалыптастырды.  Соның бірі — Виктор Цойдың қатысуымен түсірілген Мұрат Нұғмановтың «Ине» фильмі. Ал «Киллер» картинасы — қазақ киносының жаңа толқынын танытқан айтулы туындылардың бірі. Бұл фильмнің суретші-қоюшысы Әлім Сабитов болды.

ГҮЛНӘР ӘБІКЕЕВА
КИНОСЫНШЫ
«Мен үшін бұл өте қымбат әрі толқынысты сәт. Өйткені мұнда менің жолдасыма да жұлдыз ашылды. Ол кинода ұзақ уақыт жұмыс істеген жоқ, бар болғаны сегіз фильм түсірді. Бірақ солардың бірі, мысалы, Канн кинофестивалінде Гран-при жүлдесін алды — бұл «Киллер» фильмі. Яғни бұл — қазақ киносын әлемге танытқан жаңа толқынның буыны.

«Қазақфильмнің» жұлдыздар аллеясы 2011 жылы ашылған. Осы уақыт ішінде мұнда ұлттық кинематографияның дамуына елеулі үлес қосқан елуге жуық кино шеберінің есімі ұлықталды. 

Сондай-ақ оқыңыз: