“Куә бол» фотокөрмесі
Қазақ өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Дариға Тілендиеваның 80 жылдығына орай Алматыда «Куә бол» атты фотокөрме ашылды. Мәдени шара Нұрғиса Тілендиевтің мемориалды музейінде ұйымдастырылды. Көрмеден актрисаның өмірі мен шығармашылық жолынан сыр шертетін сирек фотосуреттерді көруге болады. Шара барысында «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетіп, сазгердің туындыларын орындады. Дариға Тілендікеліні көрерменге «Құлагер», «Ақ машина», «Алты жасар Алпамыс», «Қоштасқым келмейді», «Жамбылдың жастық шағы» фильмдеріндегі рөлі арқылы жақсы таныс.
БЕЙСЕНБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ
ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
«Жеңгеміз бүкіл Нұр ағаның мұрасына иге болды. Бүкіл шығармаларының бәрін жинақтап, теріп, бәрін насихаттап, қолжазбаларын берді маған. Соның негізінде кітап дайындалды. Бұл қайта қайта тексеріліп, ноталарының бәрін жүйелеп, бір сөзін өгертпей, бір нотасын өзгертпей шығардық. Соның барлығы Дариға жеігеміздің еңбегі деп ойлаймын.»