Достық пен дәстүр
Қонаевта «Қапшағай шырғалаңы» атты славян этнофестивалі өтті. Қапшағай жағалауында болған іс шара, славян халқының мәдениетін көрсетті. Мереке толықтай интерактивті форматта ұйымдастырылды. Қонақтар шеберлік сабақтарына қатысып, қолөнер жәрмеңкесін тамашалады. Павлодар, Өскемен, Алматыдан келген шығармашылық ұжымдар мен фольклорлық ансамбльдер жұртқа өз өнерлерін ұсынды. Ал Фестивальдің ең қызықты сәттерінің бірі «Үздік бас киім» мен заманауи этникалық костюм байқаулары болды. Мұнда бірегей қолөнер туындылары көпшіліктің таңданысын тудырды. Шара соңы жергілікті «Отражение» ансамблінің ретро-концертіне ұласып, келген қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлады.
ЛАРИСА КОТЕЛЬНИКОВА
ҚАЗАҚСТАН ОРЫС, СЛАВЯН ЖӘНЕ КАЗАК ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСTЫҚ ФИЛИАЛ ТӨРАЙЫМЫ
- Бұл шара ата-бабамыздың ұлттық дәстүрін, ұмытылып бара жатқан ән-жырлары мен фольклорын жаңғыртуға бағытталған. Бұрын халық ән айтып, би билеп, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста өмір сүрді. Бұл фестиваль соның көрінісі. Ең бастысы, еліміздегі бірлік пен татулық баршамызға ортақ баға жетпес құндылық. Осындай іс-шаралар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ынтымағымызды арттыра түседі деп сенемін.