Мерейтой — білім додасымен!
Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» жобасын қолдау және оқу мәдениетін насихаттау мақсатында «Шалқар» радиосы арнайы интеллектуалды сайыс ұйымдастырды. Бұл бастама биыл 60 жылдығын атап өтіп жатқан радиостансаның мерейтойлық шаралары аясында жүзеге асты. Байқауға жазушы, ақын, кітапханашы, диктор және студент сынды түрлі маман иесі қатысты. Олар қазақ руханияты мен мәдениеті, ұлттық дәстүрлер, тарих және дүниетаным бағыттары бойынша өз білімдерін ортаға салды. Айта кетейік «Шалқар» радиосының биылғы мерейтойлық маусымы ұлттық әдебиетімізді ұлықтауға және тыңдармандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға арналған.
ӘНУАР АХМЕТКӘРІМ - БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
- Интеллектуалдық байқауларға қатысуға дайындығым жақсы деп ойлаймын. Негізгі сұрақтар логикаға негізделетіні анық. Ал тарихқа қатысты сұрақтар болса, сүрінбей өтемін деп ойлаймын. Кітапты күн сайын оқимын деп айта алмаймын, бірақ оқу мен жұмыстан уақыт артылған сәтте кітап оқығанды ұнатамын.